Воскресенье, 8 сентября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметМемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі артып келеді

Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі артып келеді

Заманауи әлемде мемлекеттік қызметте болсын, өзге де өмірлік маңызды салаларда болсын әйелдердің орны айрықша екені белгілі. Гендерлік саясат қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.

Осы жерде гендерлік теңдіктің  мемлекеттік қызметтің маңызды буыны екендігін атап өткім келеді. Біздің қоғамда жүргізіліп отырған гендерлік саясатқа сәйкес, қазақстандық даму жағдайында елміздегі әйелдер қауымына саяси және белсенді азаматтық ұстаным тұрғысынан барынша басымдық беріліп келеді.

«Әке баласын тәрбиелейді, шеше ұлтты тәрбиелейді» деген мақал тегін айтылмаған.  Қазіргі таңда, ашық және бәсекелестік тәртібінде мемлекеттк қызметке орналасу мүмкіндігін пайдаланып, өзіне сенмді және өз әлеуетін толыққанды іске асыру үшін көптеген қыздарымыз және тәжірибелі азаматшаларымыз мемлекеттік органдарда жігерлі қызмет атқаруда.

Гендерлік теңдік мәселесіне келетін болсақ мемлекеттік қызметшілердің  тең жартысынан көбі – әйелдер және бұл көрсеткіш жыл сайын артуда. Өңіріміздің мемлекеттік қызметіндегі бұл көрсеткіш қазір 65,2% құрап отыр. Мемлекеттік қызметтің басшылық лауазымдарында 434 әйел жұмыс істейді. Бұл жалпы басшылық құрамның 44,5% құрайды. Бұл көрсеткіш соңғы бес жыл ішінде бір қалыпта.

Бүгінгі күні облысымызда  әйел азаматшаларымыз мемлекеттік аппараттағы басшы лауазымдардың барлық санаттарында  бар. Олар саяси қызметші, облыстық басқарма басшылары мен олардың орынбасарлары, қала аудан әкімдерінің орынбасарлары, аппарат басшылары, ауыл әкімдері, әртүрлі деңгейдегі бөлім басшылары.

Бұл гендерлік саясатты заңнамалық деңгейде де, іс жүзінде де дәйекті іске асырудың арқасында мүмкін болды. Мәселен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңында мемлекеттік қызметке кіру кезінде қандай да бір, соның ішінде жынысына немесе кез келген өзге мән-жайларға байланысты кемсітушілікке жол берілмейді. Бұл ұстаным Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларынан туындайды.

Сонымен бірге агенттік конкурстық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін жүйелі және жоспарлы жұмыс жүргізуде, бұл мемлекеттік қызметке түсуге тең мүмкіндік жасаудың маңызды алғышарты болып табылады. Мемлекеттік қызметтегі мансаптық модель әйелдердің, оның ішінде бәсекелес және тең жағдайларда жоғары тұрған лауазымдарға орналасу мүмкіндгін арттырады.

Заңнамаға енгізілген тағы бір жаңашылдық — мемлекеттік қызметке конкурссыз тағайындалу мүмкіндіктері. Атап айтсақ, жоғары оқу орындарын мемлекеттік грант есебінен үздік аяқтаған түлектер диплом алғаннан кейін бір жыл ішінде аудандық және ауылдық деңгейдегі кейбір мемлекеттік лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалуы мүмкін. Бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке тартуға, жас мамандардың аудандар мен ауылдық өңірлерге оралуын ынталандыруға, сондай-ақ өңірлердегі кәсіби кадрлар тапшылығын төмендетуге ықпал етіп, мемлекеттік қызметке кіру процесін айтарлықтай жеңілдетіп отыр. Осы норма заңды күшіне енген уақыттан бері Ақмола облысында 15 түлек түрлі лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалды. Бұл  жас мамандардың барлығы әйелдер.

Конкурстық рәсімдердің нәтижесінде мемлекеттік қызметшілер қатарына қосылған әйелдердің үлесі де артуда. Жалпы 2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мемлекеттік қызметтің бос лауазымдарына өткізілген  жалпы конкурстарға 5474 адам қатысты, оның шамамен жартысына жуығын немесе 48,3%  әйелдер құрады. Ал, осы конкурстардың нәтижесі бойынша тағайындалғандардың 56% әйелдер.

Биылғы жылы алғаш рет облысымызда  өңірлік кадр резервіне іріктеу жүргізілуде. Бұл жоба арқылы аймақты дамытуға атсалысатын талантты және белсенді жастар арасынан жаңаша ойлайтын көшбасшылардың, жас басқарушылардың пулын қалыптастыру көзделуде.

Құжаттарды қабылдау кезеңінде өңірлік кадр резервіне іріктеуге қатысу үшін онлайн-порталда 283 адам  өтініш беріп, соның ішінде  іріктеудің келесі кезеңі – Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне арналған тестілеуге жіберілген 263 адамның 110-ы немесе 42% әйел азаматшалар.

Қазіргі уақытта құзыреттерді бағалау кезеңінің нәтижесі жасақталуда. Соңғы кезең – Өңірлік кадр комиссиясында әңгімелесуге 38 кандидат жіберіліп, нәтижесінде өңірлік кадр резервіне 25 маман іріктелуі тиіс.

Өңірлік резервке іріктеп алынған кадрлар 2 жыл ішінде жергілікті атқарушы органдардағы сайланатын лауазымдарды қоспағанда «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына тағайындалуы мүмкін. Жастардың арасынан өңірлік кадр резервіне үміткерлерді іріктеу біздің облыста индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру секілді 6 салалық бағыт бойынша іске асырылатын болады.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілердің отбасылық және мансаптық міндеттерді қатар атқарып, бос уақытын тимді пайдалануына кең мүмкіндіктер қарастырылды. Икемді жұмыс кестесі енгізілді, әкелерге бала күту үшін берілетін демалыстарды танымал етуге назар аударылуда. Мемлекеттік қызметте еңбек уақытынан тыс жұмыс істеу қысқарды. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институты белсенді жұмыс істеуде. Бұл ретте гендерлік тақырыпқа да назар аударылады.

Райхан Братаева, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Щучинскіде ашылған ескерткіш кімге арналған?

Әлеуметтік желілерде Щучинск қаласында ауған соғысы ардагерлеріне арнап орнатылған ескерткіш туралы ақпарат таралды. Ауған соғысына қатысушыларды ақтай да, даттай да алмаймыз. Олар отандарын басқыншы...

Сот қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

Сотта, 58-жастағы жұмыс істемейтін азамат «П.»-ға қатысты анасының денсаулығына зиян келтірмей ұрып-соққаны үшін қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі). Сотта анықталғандай, ер адам үйде...

Сот жұмысшыларға өтемақы, моральдық зиян және әлеуметтік төлемдерді аударуды ЖШС-ны міндеттеді

Қосшы қалалық соты пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, өсімпұл, моральдық зиянды өндіріп алу және әлеуметтік төлемдерді аударуды міндеттеу туралы «D.» ЖШС-ға 11 жұмысшының талап...

Қазақстандық пауэрлифтер Давид Дегтярев екі дүркін паралимпиада чемпионы атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі –...

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдау басталды!

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола облысында тұратын, күндізгі оқу түрінде ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар келесі критерийлерге сәйкес...