2020 жылдың 10 айында Қазақстан халқына 409 892, 9 мың.теңге сомасына медициналық сақтандыру бойынша 176 жоғары технологиялық медициналық қызмет (ЖТМҚ) көрсетілді. Олардың басым бөлігін жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр аурулары, нейрохирургиялық және гинекологиялық аурулары бар науқастар алды.
Емделген жағдайдың орташа құны-2 328, 9 мың.теңге.
«Айта кету керек, ЖТМҚ-ның 78 түріне қала тұрғындары да, шалғай ауылдар да бірдей қол жеткізе алады. Егер адам ауырып қалса, оған инновациялық технологияларды қолдана отырып диагностика мен емдеу қажет, онда тұратын жеріне қарамастан, ол жоспарлы медициналық көмекке сене алады, басты шарт – МӘМС сақтандырылу мәртебесі. Егер пациентке қажетті рәсім жергілікті деңгейде қол жетімді болмаса, оны облыстық немесе республикалық клиникаға жібереді», – деп түсіндірді әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі.
Жоғары технологиялық медициналық көмекті қалай алуға болатыны туралы Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Алия Жаскайратовна Жусупова айтып берді.
Сарапшы «Егер адам өзін жайсыз сезінсе, ол учаскелік терапевтке жүгінуі керек, ол оған диагноз қойып, одан әрі тексерулерге және мамандандырылған мамандармен кеңесуге жібереді. Хирургия қажет пе, жоқ па деген қорытындыны ЖТМҚ осы түрін жүргізетін клиниканың дәрігері шығарады. Егер хирургиялық араласу қажеттілігі расталса, онда пациентті жоспарлы ем алуға дайындайды. Бұл үшін қажетті талдауларды жинауды және «Емдеуге жатқызу бюросы» порталына қоюды емхана жүргізеді», – деп атап өтті.
Бұл алгоритм қала тұрғындарына да, ауыл тұрғындарына да қатысты. Айта кету керек, әрбір пациент ЖИМҚ алғысы келетін ұйымды таңдауға құқылы.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен операциядан өткен пациенттер оңалтудан да өте алады. 2020 жылы ӘМСҚ осы қызметтердің 47 жеткізушісімен шарттар жасасты.Егер пациентке медициналық көмек көрсетуден бас тартылса немесе оның оңалту қағидаларына қатысты сұрақтар туындаса, онда ол 1406 байланыс орталығына жүгіне алады немесе Qoldau24\7 мобильдік қосымшасында өтініш қалдыра алады.