Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауӘМСҚ: Жыл басынан бері қазақстандықтар 176-нан астам жоғары технологиялық медициналық қызмет алды

ӘМСҚ: Жыл басынан бері қазақстандықтар 176-нан астам жоғары технологиялық медициналық қызмет алды

2020 жылдың 10 айында Қазақстан халқына 409 892, 9 мың.теңге сомасына медициналық сақтандыру бойынша 176 жоғары технологиялық медициналық қызмет (ЖТМҚ) көрсетілді. Олардың басым бөлігін жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр аурулары, нейрохирургиялық және гинекологиялық аурулары бар науқастар алды.

Емделген жағдайдың орташа құны-2 328, 9 мың.теңге.

«Айта кету керек, ЖТМҚ-ның 78 түріне қала тұрғындары да, шалғай ауылдар да бірдей қол жеткізе алады. Егер адам ауырып қалса, оған инновациялық технологияларды қолдана отырып диагностика мен емдеу қажет, онда тұратын жеріне қарамастан, ол жоспарлы медициналық көмекке сене алады, басты шарт – МӘМС сақтандырылу мәртебесі. Егер пациентке қажетті рәсім жергілікті деңгейде қол жетімді болмаса, оны облыстық немесе республикалық клиникаға жібереді», – деп түсіндірді әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі.

Жоғары технологиялық медициналық көмекті қалай алуға болатыны туралы Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Алия Жаскайратовна Жусупова айтып берді.

Сарапшы «Егер адам өзін жайсыз сезінсе, ол учаскелік терапевтке жүгінуі керек, ол оған диагноз қойып, одан әрі тексерулерге және мамандандырылған мамандармен кеңесуге жібереді. Хирургия қажет пе, жоқ па деген қорытындыны ЖТМҚ осы түрін жүргізетін клиниканың дәрігері шығарады. Егер хирургиялық араласу қажеттілігі расталса, онда пациентті жоспарлы ем алуға дайындайды. Бұл үшін қажетті талдауларды жинауды және «Емдеуге жатқызу бюросы» порталына қоюды емхана жүргізеді», – деп атап өтті.

Бұл алгоритм қала тұрғындарына да, ауыл тұрғындарына да қатысты. Айта кету керек, әрбір пациент ЖИМҚ алғысы келетін ұйымды таңдауға құқылы.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен операциядан өткен пациенттер оңалтудан да өте алады. 2020 жылы ӘМСҚ осы қызметтердің 47 жеткізушісімен шарттар жасасты.Егер пациентке медициналық көмек көрсетуден бас тартылса немесе оның оңалту қағидаларына қатысты сұрақтар туындаса, онда ол 1406 байланыс орталығына жүгіне алады немесе Qoldau24\7 мобильдік қосымшасында өтініш қалдыра алады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...