Пятница, 17 января, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетау"Nur Otan" партиясымен барлық қиындықты бірге еңсереміз!

«Nur Otan» партиясымен барлық қиындықты бірге еңсереміз!

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазақстан Республикасы Мәжілісіне кандидат Асқарбек Үйсінбаев сайлауалды компания шеңберінде сайлаушылармен үгіт кездесулерін өткізіп жатыр.

Ол өзінің кездесуінде «Nur Otan» партиясының бағдарламасын алға тартады. Себебі өзі де осы сайлау ұйымының атынан үміткер. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында көрсетілген басым бағыттар әр елді-мекеннің өркендеуін, халықтың әл-ауқатының жақсаруын көздейді.

Аталған саяси ұйымның халық игілігі үшін атқарған істері ауыз толтырып айтарлықтай. Бірнеше ауданды басқарып, мол тәжірибе жинақтаған Асқарбек Үйсінбаев ауылдық жердің шешімін күткен жәйттерін жақсы біледі және көзімен көріп, көңіліне түйіп жүр. Қарапайым халыққа қажетті мәдени ошақтардың жұмысының тұралап қалғаны, ауыз сумен толық қамтылмағаны, малмен күн көріп отырған халыққа ең бастысы соған қажетті жемазықтың жеткізілу жайы, жолдардың сапасының сын көтермейтіні т.т. елге жанашыр азаматтың жоғарыға жеткізетін көкейінде жүрген сауалдар.

Сондықтан әр ауданды жайлы ету кандидаттың алдына қойған міндеті. Ол алдағы уақытта да «Nur Otan» партиясымен бірге алға қадам басып, халықтың түйткілді мәселелерін шешуге ат салыспақ. Нағыз істің партиясына дауыс берсеңіздер, көп мәселе шешімін табады деді ол өзінің сайлаушыларына. Алдағы науқан ел үшін, халық үшін өте маңызды қадамдар жасалатын сәт.

Сондықтан әр азамат саналы түрде таңдау жасауы тиіс. Ал, нұрлы болашақтың кепілі «Nur Otan» партиясы қиындықтарды халықпен бірге еңсермек.

«Nur Otan партиясы Сандықтау аудандық сайлау қорынан төленді».

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...