«Nur Otan» партиясы атынан Біржан сал аудандық мәслихатына депутаттықа үміткер Нұрлан Елесбайұлы Махамбетов «Қазақтелеком» АҚ еңбек ұжымымен үгіт-насихат кездесуді өткізді.
Кездесу барысында Нұрлан Елесбайұлы жұмысшылардың сұрақтарына жауап беріп, «Nur Otan» партия ұйымының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып, оның маңызды сәттеріне назар аударды. Сондай-ақ, партия өкілі қатысушыларға үгіт материалдарын таратты.
Нұрлан Махамбетов – аудандық телекоммуникация орталығының басшысы, телекоммуникация саласында 22 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында ауданда телекоммуникация саласын дамыту бойынша көптеген жобаларды жүзеге асырды.
«Үш баланың әкесі ретінде мен балаларымыздың болашағына қатты алаңдаймын. Мен үшін кез-келген өзгерістер бейбіт, эволюциялық жолмен жүруі өте маңызды. Мен Қазақстанның барлық азаматтарының өздерін біздің елде жақсы және жайлы сезінгендерін қалаймын. Біз абыроймен, қауіпсіз өмір сүру, болашаққа сенімді болу және өз Отанымызды мақтан етуді қалаймыз. Барша сайлаушыларды алдағы сайлауда «Nur Otan» үшін дауыс беруге шақырамын», — деді Нұрлан Елесбайұлы.
Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы – қолға алған реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бағдарлама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы.
«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Біржан сал ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.