Қазақстан Республикасы Мәжілісіне кандидат Асқарбек Үйсінбаев сайлауалды компания шеңберінде сайлаушылармен үгіт кездесулерін өткізіп жатыр.
Ол өзінің кездесуінде «Nur Otan» партиясының бағдарламасын алға тартады. Себебі өзі де осы сайлау ұйымының атынан үміткер. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында көрсетілген басым бағыттар әр елді-мекеннің өркендеуін, халықтың әл-ауқатының жақсаруын көздейді.
Аталған саяси ұйымның халық игілігі үшін атқарған істері ауыз толтырып айтарлықтай. Бірнеше ауданды басқарып, мол тәжірибе жинақтаған Асқарбек Үйсінбаев ауылдық жердің шешімін күткен жәйттерін жақсы біледі және көзімен көріп, көңіліне түйіп жүр. Қарапайым халыққа қажетті мәдени ошақтардың жұмысының тұралап қалғаны, ауыз сумен толық қамтылмағаны, малмен күн көріп отырған халыққа ең бастысы соған қажетті жемазықтың жеткізілу жайы, жолдардың сапасының сын көтермейтіні т.т. елге жанашыр азаматтың жоғарыға жеткізетін көкейінде жүрген сауалдар.
Сондықтан әр ауданды жайлы ету кандидаттың алдына қойған міндеті. Ол алдағы уақытта да «Nur Otan» партиясымен бірге алға қадам басып, халықтың түйткілді мәселелерін шешуге ат салыспақ. Нағыз істің партиясына дауыс берсеңіздер, көп мәселе шешімін табады деді ол өзінің сайлаушыларына. Алдағы науқан ел үшін, халық үшін өте маңызды қадамдар жасалатын сәт.
Сондықтан әр азамат саналы түрде таңдау жасауы тиіс. Ал, нұрлы болашақтың кепілі «Nur Otan» партиясы қиындықтарды халықпен бірге еңсермек.
«Nur Otan партиясы Сандықтау аудандық сайлау қорынан төленді».