Понедельник, 9 декабря, 2024
ЖаңалықтарҚоғамСпортҚосшы қаласында жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді

Қосшы қаласында жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының мәліметінше, «Қосшы Арена» заманауи жабық футбол алаңының аумағы-12500 шаршы метрді құрайды және жеке инвестиция есебінен салынған. Нысанда киінетін, жуынатын бөлме, көрермендерге арналған балкон қарастырылған.

Қалада балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануы үшін барлық жағдай жасалуда. Сонымен бірге спорт нысандарының санын арттыру үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Оны 2024 жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған. Жақында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылды.

«Өздеріңіз білетіндей, «Верный капитал» қоры биыл біздің балаларымызға республика көлемінде теңдесі жоқ жаңа мектеп-гимназиясын сыйлады. Біздің осы қормен әлеуметтік серіктестігіміз жалғасады. Қазіргі уақытта қоғамдық мәдени-спорт орталығының құрылысын бастау жоспарлануда», — деп атап өтті Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов.

Қала басшысы атап өткендей, биыл 400 орындық мәдениет үйін салу жобасы әзірленген. Ол 2024-2025 жылдары жүзеге асырылады.

«Бұл көрсеткіштер Қосшы қаласында спортты дамыту үшін жағдай жасалып жатқандығының дәлелі деп санаймын және осы бағыттағы жұмыс жалғасады», — деді қала басшысы.

Жаңа футбол алаңының ашылуына ата-аналар да қуанып отыр.

«Балаларымыз енді бос уақыттарын тиімді пайдаланады және сүйікті спорт түрімен айналысады. Менің ұлым футболға әуес. Болашақта атақты футболшы болғысы келеді. Балаларымыздың келешегі үшін жағдай жасалып жатқандығына ризамыз», — деді қала тұрғыны Маржан Төлеуова.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

2 азаматтың құқықтары проактивті түрде қалпына келтірілді

2024 жылғы 6 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға көрсетілетін қызметті алушылардыңқұқықтарынқорғаудыкүшейтугебағытталғантүзетулеренгізілді. Заңнамадағы жаңашылдықтарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға...

Баубек батырдың 200 жылдығына арналған «Азат рухты Баубек батыр» облыстық ақындар айтысы өтті

Дәстүрлі айтыс өнерін насихаттау, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін, қол жеткізген табыстарын, кешегісі мен бүгінгісін жарқыратып жыр жолдарымен өрнектеу, жас ұрпақты халқына, туған жерге деген...

Евгений Кочетов Ақмола облысының креативті индустрия өкілдерімен кездесті

29 қараша күні Көкшетау қаласында «Көкшетау» мәдениет сарайында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Дмитриевич Кочетовтың Ақмола облысының креативті индустрия өкілдерімен кездесуі өтті. Қазақстан Республикасы...

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту шеңберінде жер қатынастары саласындағы бірқатар «жасырын» қызметтер регламенттелді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жер қатынастары саласындағы мемлекеттік органдардың функцияларын талдау қорытындысы бойынша «жасырын» қызметтерді регламенттеу жөнінде ұсыныс енгізді. Мәселен, бұған...

Ақмола облысында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слеті өтті

Ағымдағы жылдың 26 қарашасында Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің базасында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының облыстық слеті өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің...