Жексенбі, Мамыр 19, 2024
10.2 C
Kokshetau
17 C
Nur-Sultan
20 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында «Отанды сүюдің үлгісін көрсеткен Мақтай Сағдиев» атты «Адалдық сағаты» өтуде

Ақмола облысында «Отанды сүюдің үлгісін көрсеткен Мақтай Сағдиев» атты «Адалдық сағаты» өтуде

Жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды ұлы тұлғалардың еңбектері арқылы қалыптастыру шеңберінде Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 16-20 мамыр аралығында белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Мақтай Сағдиевке арналған «Адалдық сағатын» өткізуде.

Мақтай Сағдиев өзінің еңбек жолын 14 жасында туған колхозының трактор-егіс бригадасында жұмыс істей бастаған Ұлы Отан соғысы жылдарында бастады.

Кеңес жылдарында ол Көкшетау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы, Қазақстан Президентінің кеңесшісі және басқа да әртүрлі жоғары дәрежелі лауазымдар атқарды.

Мақтай Сағдиев қай жерде жұмыс істесе де, ол әрдайым өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Өзінің барлық білімі мен ұйымдастырушылық қабілетін туған елінің игілігіне жұмсай отырып, ол адамдар арасында еңбекқор, белсенді азаматтық ұстанымы бар және қарым-қатынаста қарапайым адам ретінде танымал болды. Ол үшін ол өз халқының шынайы құрметі мен сүйіспеншілігіне бөленді.

Партия қайраткері қоғамдық қызметте де маңызды рөл атқарды. 1991 жылдан бастап Мақтай Сағдиев ҚР Ардагерлер кеңесін басқарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің құрамына кірді, Президент жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасын сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасының орынбасары болды.

Мемлекет және қоғам қайраткерінің әдеби қабілеттері де болды, мысалы, ол «Шындық бар жерде сенім де бар», «Биік Арман айғағы» сияқты кітаптар жазды, онда халыққа және туған жерге деген махаббат бейнеленген.

Сағдиевтің замандастары Мақтайдың өмірі де халқымыздың рухани байлығы деп жазған. Егер қазіргі жастар осындай танымал тұлға туралы шығармаларға қызығушылық танытса, онда ол Отаншылдық сезімінің қалай туып жетілетінін, халықпен қоян-қолтық араласуды, заман алға тартқан міндеттерді  тез  сезінуді,  оны  іске  асыру  жолында  батыл  қадамдар жасауды біле алады. Махтай Сағдиевтің қажырлы еңбегі мен жан тазалығына толы ғибратты өмірі адамды асыл мұратқа жетелейтіні жастарға көп нәрсе берер еді. Мақтай Сағдиевтің тынымсыз  еңбек пен жан тазалығына толы ғибратты өмірі адамды асыл мұратқа жетелей алатыны да жастарға көп нəрсе ұғындыра алар еді.

Бейне-дәріс облыстық телеарнада көрсетілуде, сондай-ақ, Департаменттің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында орналастырылған. Аталған акцияға өңірдегі мектептердің және колледждердің оқушылары қатысты.

Бейне-дәріске сілтеме:

https://youtu.be/6V5g61g4pBA

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...