Сейсенбі, Мамыр 7, 2024
10.2 C
Kokshetau
16 C
Nur-Sultan
21 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіПрезиденттің ғылым саласындағы реформалары – жас ғалымдарға мемлекеттік қолдау

Президенттің ғылым саласындағы реформалары – жас ғалымдарға мемлекеттік қолдау

Қай дәуірде болсын кемелденудің басты, өзекті мәселелері мен жолдары ғылыммен сабақтасып жатады. Ғылымы дамыған елдің болашағы айқын, өмірі жарқын болары сөзсіз. Сондықтан да ғылымға мемлекет тарапынан көңіл бөлініп, әсіресе қазіргі таңда жастарды ғылымға ынталандыру алға шықты.

«Егер әлемдік дамуда көш соңын­да қалмаймыз десек, ең алдымен, ғылымды дамытуымыз керек. Сон­дық­тан ұлттық ғылымды жаңа дең­гей­ге көтеретін мезгіл жетті. Елімізге өмір жо­лын ғылымға арнаған, нақты ғы­лыми жетістігі бар адамдар керек. Отан­дық ғалымдар құрамын жаңар­ту қажет. Бұл – уақыт талабы», – деді Мем­­­­лекет басшысы. Жас ғалымдардың ғылымға келуін ынталандыру үшін Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей тапсырмасымен мемлекеттік қолдаулар іске асырылуда.

Осыған орай Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті де Президенттің ғылым саласындағы мемлекеттік рефорамаларын қолдап, оқу орнымыздағы жас ғалымдардың ғылыми ойларын жүзеге асыруда көптеген шараларды ұйымдастыруда және републикалық, халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысып, ғылыми көзқарастырын жетілдіруге ықпал жасалуда. Атап айтар болсақ:

Біріншісі, жыл сайын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған байқаулар өткізіледі. Аталған республикалық байқаудың женімпаздары –университетіміздің екі жас ғалымы Рыспаева Динара және Байдалин Марденді атап өтуге болады.

Екіншісі, жас ғалымдардың санын ұлғайту мақсатында «Жас ғалым» жобасы ғалымдарды ғылымға ынталандырудың тиімді бірден-бір жолы болып отыр. Соңғы байқауда университетіміздің 4 жас ғалымы жеңімпаз атанды. Олар: Есенжолов Бауыржан, Сураганов Мирас, Молдабекова Сандугаш пен Темирова Жанна.

Сонымен қатар жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына қазақстандық 500 ғалымды тағылымдамаға жіберу, академиялық жазылымға, ағылшын тіліне, цифрлық дағдыларға, ғылыми өтінімдерді әзірлеуге және басқа да қажетті құзыреттер мен дағдыларға оқыту, ғылыми ұйымдарға шетелдерде жұмыс істейтін қазақстандықтарды тарту, заманауи ғылым менеджерлерін даярлау бойынша кешенді шаралар іске асырылып жатыр.

2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап ЖОО студенттерінің стипендиялары 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың стипендиялары 15%-ға көтеріледі.

Президеттің ғылым саласындағы нақты реформалары мен жас ғалымдарды қолдауы ел экономикасындағы ғылыми үлестің арттуына, ғылымды қажетсінетін өндірістердің кеңеюіне, Қазақстанның инновациялық экономикасын құруына оң әсерін тигізеді.

Ш. Уәлиханова Көкшетау университеті Ғылым және технологияларды коммерцияландыру департаментінің басшысы Байдалин Марден.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...