Среда, 27 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамРамазан айы – айлардың қайырлысы, әрі сұлтаны

Рамазан айы – айлардың қайырлысы, әрі сұлтаны

Сондай-ақ, оқыңыз...

Санаулы күндерден кейін күллі мұсылман үшін қасиетті мереке Рамазан айы басталады. Айлардың сұлтаны саналатын Рамазанның алғашқы күні, яғни Ораза 2 сәуірде басталып, мамырдың 1 дейін жалғасады. Осы аралықта мұсылман баласы 30 күн бойы ауыз бекітіп, жан басына пітір садақа таратуы тиіс. Ал мың түнге пара-пар Исламдағы қасиетті түндердің бірі — Ләйләтүл-Қадір түні 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түні келеді.

ҚМДБ-ның Ақмола облыстық Науан хазірет мешітінің бас имамы Қуаныш Сәбит осы айда жергілікті мешіттермен атқарылатын іс шаралар жайлы баяндады, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл ай – кешірім айы. Әр адам кешірім мен тақуалыққа көбірек назар аударғаны жөн. Таң намазынан ақшам намазына дейін ауыз бекітіп, дұға тілеудің маңызы зор.

Ізгілік айында қайырымдылыққа көбірек көңіл бөлініп, барлық мешіттерде арнайы ауызашарлар берілетін болады.

Бұдан басқа қасиетті айдың тағылымын арттыратын діни шаралар да ұйымдастырылады. Мұсылман адамның бет-бейнесін жақсы қырынан сипаттайтын уағыздық кездесулер де өткізілмекші.

Облыстың бас имамының айтуынша рамазан айын сипаттайтын баннерлер де ілініп, мешіттерде ораза ұстаудың тәртібі мен кестесі жазылған парақшалар да таратылу үстінде. Ораза ұстаудың жай-жапсарын білгісі келгендерге мешіттерде арнайы ақыл-кеңес беріледі.

 «Шынайы тәубе ету – күнәнің кешірілуіне себеп болады. Осы айда біз өзімізге нығмет еткен ғибадаттардан айрылып қалмайық. Шынайы құлшыныспен Аллаға құлшылық етіп, оразамызды ұстап, көп дұғалар жасайық. Біз оразаны кім үшін ұстаймыз. Алла тағаланың сыйына кенелу үшін жасаймыз ғой. Мұсылман үшін екі қуаныштың бірі осы айдың тағылымына жазылған. Ауызашар кездегі қуаныш осылардың ең абзалының бірі екені айтылады», — деп атап өтті Қуаныш Сәбит.

Айта кетейік, биыл пітір садақа 500 теңге болып белгіленді. Оның құны 2 келі ұнның нарықтағы бағасымен теңестірілді. Еліміздің барлық өңірлері бойынша ұнның бағасы сұралып, анықталды. Пітір садақа беруге келсек, оны Ораза басталған күннен бастап, 30 күннің ішінде өтеген жөн.

 

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...