Четверг, 10 октября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетРухани жаңғыру: Ақмола облысында 4 жылда 20 мыңға жуық іс-шара өткізілді

Рухани жаңғыру: Ақмола облысында 4 жылда 20 мыңға жуық іс-шара өткізілді

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын іске асыру барысында 4 жыл ішінде мәдениет саласында барлығы 500 мыңнан астам адам қамтылған 20 мыңға жуық іс шара өткізілді.

2020 жылы облыс көлемінде 45,0 млн. теңгеге 77 мың адам қамтылған 3000 астам іс шара өткізілді.

«Туған жер» арнайы жобасы аясында 30 000 адам қамтылған 1000 аса іс-шара өткізілді).
«Кіші» отанды дамытуға ерекше көңіл бөліп, меценаттарды тарту арқылы нәтижесінде 2020 жылы 118,8 млн. тенге демеушілік қаражат көзінен 14 нысан жөндеуден өткізілді.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында бірқатар ауқымды іс-шаралар өткізілуде. Тұңғыш рет Көкшетау қаласының 195 жылдығына арналған қаламыздың белсенді зиялы қауымының атсалысуымен кең көлемді «Құрақ көрпе» fest өткізілді. Фестивальге облысымыздың 100-ден астам ұйымдары қатысты.

Нәтижесінде дүние жүзіндегі ең ұзын құрақ көрпе (11 км 120 м) және ең үлкен дөңгелек құрақ көрпе (33 м) номинациялары бойынша Гинесс рекорд кітабына еніп отырмыз.

— Ауыл клубтарының мәселелерін шешуге демеушілер мен меценаттардың назарын аудару мақсатында «Үздік ауылдық клуб-2020» тағы да басқа облыстық байқаулары өткізілді.

— Жыл сайын Ақмола облысының археология ескерткіштеріне қорғау-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша «Қазыналы қазба – ұлт құндылығы»жобасын іске асыруда.

— Онлайн-форматта өткен III Республикалық «Рухани қазына» байқауында Ақмола облысының мәдениет ошақтары тамаша нәтижелерге қол жеткізіп байқау қорытындысы бойынша 4 номинация бойынша жеңіске жетті:

— «Аудандық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» номинациясында Жақсы аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Айнұр Қайдаулова;

— «Облыстық маңызы бар үздік музей» номинациясында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі,

— «Бір отбасы-бір кәсіп» номинациясында Қорғалжын ауданының Құсаиновтар халықтық отбасылық ансамблі,

-«Мемлекеттік кітапханалардың үздік сайты» номинациясында Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының сайты «Қазақстанның Қасиетті географиясы» арнайы жобасы аясында 2020 жылы 8000 астам адам қамтылған 415 астам іс-шара өткізілді).

Бүгінгі таңда облысымызда 11 жалпыұлттық және 35 жергілікті маңызы бар киелі нысандар бар.

Осы орайда, аталмыш тарихи орындарды қоқыстан тазалау, азаматтарды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, жұртшылықтың назарын экология, өткен тарихқа ұқыппен қарау мәселелеріне аударту мақсатында «Бабалар ескерткіші – ұрпақтарға аманат», «Бабалар тарихы ұрпақтар ұлағатында».

Жоба аясында Ақмола облысының киелі жерлері туралы облыстық «Kókshe» телеарнасымен 15 видео сюжет түсірілді.

Көкшетау қаласы аумағындағы ескі мұсылман зиратында жерленген атақты дін және қоғам қайраткері Науан Хазірет құрметіне демеушілік қаражат есебінен кесене орнату жұмысы басталды, Атбасар қаласының негізі қаланғанына 175 жыл толуына орай, ұрпақтары мен демеушілер арқасында Киікбай батырдың мазары қайта қалпына келтірілді.

«Ереймен елі – батырлар мекені» жобасы аясында Олжабай батырдың кесенесінің қалпына келтірілуі жұмыстары жүргізілуде. Атақты батырдың ғалым Әлкей Марғұлан және жазушы О. Сүлейменов сияқты ұрпақтары бар.
«Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы аясында ( 2020 жылы 610 астам іс-шара өткізіліп барлығы 10000 астам адам қатысты):

— Облыс әкімдігінің қолдауымен және Кемал Акишев атындағы ғылыми зерттеу институтының, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің және ҚР Ұлттық музейі мамандарының қатысуымен Қазақ Хандығының негізін қалаушылардың бірі Жәнібек сұлтан кесенесіне зерттеу жұмыстары жүргізілді.

— Ұлы ғұлама Әбу Насыр әл Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналып Қазақстан Республикасының және Түрік елінен келген ғалымдардың қатысуымен «Әл-Фараби және оның рухани мұрасы», атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

— Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапханасында, Көкшетау қаласында және Ақкөл ауданында 3 Абай орталығы ашылып, Көкшетау қаласында «Сәулең болса кеудеңде» республикалық онлайн ақындар айтысы ұйымдастырылды.

— 2020 жылы Мәлік Ғабдуллиннің 105 жылдығымен музейдің 25 жылдығына және Жеңістің 75 жылдығына арналған 250 дана «Қазақ баласы» атты кітабы, «Жемісті жылдар» атты альбом кітабы жарыққа шықты
«Архив-2025» жобасы ( 2020 жылы 80 іс шара өткізілсе, 500 астам адам қатысқан.

Ақмола облысының тарихын айқындайтын құжаттар анықтау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы архивтарымен меморандумдар жасалды.

«Тарих беттерінде» жобасы аясында 8 жиынтық басып шығарылды, биылғы жылы архив құжаттарының жылжымалы фото көрмелерін ұйымдастыруы жоспарланды.
«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» Қазақстанның халықаралық кеңістіктегі мәдени жетістіктерін дәріптеу, оны әлемдік стандарттар деңгейіне көтеру мақсатында облысымыздың көркемөнерпаздар әртістері онлайн форматта Ресей, Түркия, Испанияның 13 республикалық және 6 халықаралық онлайн-конкурстарында 42 солисі мен 14 көркемөнерпаздар ұжымы халықаралық байқаулардың Лауреаттары атанды, 15 Гран-при, 27 жүлделі І және ІІ орындарды жеңіп алды. 2020 жылдың ақпан айында Ақмола облыстық орыс драма театрының шығармашылық ұжымы Н.Садурдың (режиссер О.Луцива) «Панночка»спектаклімен «Пять вечеров на Кипре»IV Халықаралық театр фестиваліне қатысып өз өнерлерін паш етті.

«Дала фольклоры мен музыкасының 1000 жылдығығы арнайы жоба аясында 2020 жылы 770 іс-шара өткізіліп 9240 адам қамтылды.

— Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Жаз әуендері» республикалық жобасына Ақмола облысынан Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармониясы «Сен бе, Көкше, сұлулықтың арқауы» атты концертімен, «Сәлем, Елорда!» республикалық жобасы аясында концерт түсіріліміне де белсене қатысты.

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы күйші Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдығы және «Шертпе» күй орындаудың негізін қалаушы Тәттімбет Қазанғапұлының 205 жылдығына орай ұйымдастырылған «Күмбірле, домбыра!» аймақ аралық онлайн байқауына Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарынан қатысушылар бақ сынасты.

«Дәстүр мен ғұрып»арнайы жобасы барысында ұлттық дәстүрімізбен салтымызды дәріптеу мақсатында 4589 адам қамтылған 353 іс- шара өткізілді.

Қазақ халқының салт — дәстүрлерін сақтау және дәріптеу мақсатында «Білгенге-маржан» танымдық онлайн-айдары ұйымдастырылды. Тұңғыш рет облыс орталығында «Әлди, әлди, ақ бөпем», «Батаменен ел көгереді», «Бұрымды қыз», «Жігіт сұлтаны», «Үздік келін» байқаулары ұйымдастырылды. Бүгінгі күні ұлттық код сақтау мақсатында, халық арасында ұлттық құндылықтарды, дәстүрлі отбасылық құндықылықтарды насихаттау мақсатында әрбір мәдениет үйі жанында «Балқадиша» клубтары ашылуда.

2021 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында мәдениет ошақтарында 1000 жуық іс-шаралар жоспарлануда,

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және өңіріміздің сал серілері Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай мұраларын дәріптеп насихаттау мақсатында «Ұрпаққа аманат» атты жоба аясында кантанта жазу,

— Халықаралық ақындар айтысы, «Алыптар туған Ақмола» ашық аспан астындағы музей реконструкциясы, «Бабадан қалған аманат» ғылыми экспедициясын өткізу, «Сарыарқаның мәдени мұрасы: ежелгі және ортағасырлық мәдениеттерінің сабақтастығы» археологиялық ғылыми экспедиция, Облыс аумағында үш тарихи-өлкетану музей ашу, «Ақмола жұлдыздары» облыстық көркем өнерпаздар байқауы, би фестивалі, дәстүрлі әншілер, күйші — термешілер байқаулары. «Көкшетау» МС жанынан «Айбынды Алаш» атты жастар театрын құру.

Біржан сал ауданының мәдениет үйінде тұңғыш театр ашылып, Әл Фараби бабамызға арналған «Аққан жұлдыз құласа» қойылымының тұсау кесері өтті. Әуесқой театрлар барлық аудандық мәдениет үйлері жанында ашылуы жоспарлануда.

— Тұңғыш рет Қажыбай Жахин атындағы «Арқаның айбозы» атты республикалық дәстүрлі әншілер фестиваль-байқауын өткізу жоспарлануда

-Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жылдығына орай «Жаһандағы күш атасы — Қажымұқан» атты халықаралық конференциясы.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін» — деген болатын. Осы орайда, рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу жолында әрбір қазақстандық өзінің үлесін қосатыны сөзсіз.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы энергетика және ТКШ басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Бақтыбек Бәкенұлы Жапаев Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бақтыбек Жапаев Павлодар университетін, Еуразия инновациялық университетін,...

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 154 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесіндегі қашықтықтан мониторинг қорытындысы бойынша 154 көрсетілетін қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді. Осылайша, «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)...

«Бурабай» ұлттық паркінің орман питомнигінде 57 200 кәдімгі қарағай екпелері қайта отырғызылды

«Бурабай» ұлттық паркінің орман питомнигінде 57 200 кәдімгі қарағай екпелері қайта отырғызылып,  ағаштарының есебі жүргізіліп жатыр. Табиғи парктің экологиялық миссиясы аясында осы маусымның негізгі...

Азаматқа бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет алу бойынша жәрдем көрсетілді

«1414» бірыңғай байланыс орталығында «уәкілетті органға өтініш беру» батырмасы бар. Онда азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша пікір, шағым, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту...

Мәслихаттардың мемлекеттік басқарудың жаңартылған жүйесіндегі жаңа рөлі

Бүгін өткен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының екінші республикалық форумы Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды іске асыру тұрғысынан маңызды оқиға болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев...