spot_img
- Жарнама -spot_img
12.8 C
Kokshetau
ЖаңалықтарӨңірлерАтбасарОлжас Бектенов Ақмола облысының жастарымен кездесті

Олжас Бектенов Ақмола облысының жастарымен кездесті

-Жарнама -spot_img

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Ақмола облысының Атбасар қаласында болып, аграрлық-индустриялық колледждің студент жастарымен кездесті.

Кездесу барысында 3-курс студенті «Саналы ұрпақ» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты қалыптастыру бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы айтып берді. Қазіргі уақытта Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері бастапқыда бастамашы болған және республикада кең таратылғын сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест өткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ оқушылар студенттердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, түрлі іс-шараларды өткізу, оқу орнының қоғамдық өміріне қатысу мақсатында студенттік өзін-өзі басқару жұмысы туралы айтып берді.

Айта кету керек, «Таза сессия» акциясы аясында колледж жастары студенттердің үлгерімі мен сабаққа қатысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ топтарда достық атмосфера құру және студенттерге оқу көмегін көрсету бойынша жұмыс жүргізуде.

Кездесу барысында Олжас Бектенов жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты және қоғамдағы парасаттылық қағидаттарын қалыптастыруға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.

«Жастар, өздеріңіз білетіндей, біздің болашағымыз, сондықтан өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне белсенді түрде тарту қажет», – деді Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары.

Қатысушыларға өз тәлімін мемлекет және қоғам қайраткері, Республикалық ақпараттық-ағарту штабының мүшесі Жабал Ерғалиев беріп, студент жастарды адалдық пен парасаттылыққа шақырды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img