Воскресенье, 8 сентября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауС.Нұрмағамбетов -100 жыл: Көкшетауда «Батырлардың даңқы мәңгілік» атты әскери – танымдық іс...

С.Нұрмағамбетов -100 жыл: Көкшетауда «Батырлардың даңқы мәңгілік» атты әскери – танымдық іс – шарасы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Халық Қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат  Нұрмағамбетовтың  100 жылдық  мерейтойына орай «Батырлардың даңқы мәңгілік» атты әскери – танымдық іс – шарасы өтті.

Жастардың патриоттық санасын оятуға, тұғырлы тұлғаның жауынгерлік жолын өскелең ұрпаққа насихаттауға бағытталған игі шараға Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев, «ҚР  Қорғаныс  күштері  РҚБ Ақмола облысы филиалының  төрағасы, запастағы полковник  Жанат  Ережепов, «Ауған соғысының мүгедектері мен ардагерлері»» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚР Қорғаныс Министрлігінің Жоғары әскери-техникалық мектебінің директоры, облыстық мәслихат депутаты Дуанбай Ыбрай,  Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясы 5510 әскери бөлімінің  тәрбие  және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бөлімі бастығының  көмекшісі, майор Думан Кәрібаев, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» РММ  ардагерлермен жұмыс қызметінің бастығы, майор Айдос Әбілтаев, ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, тілдер және психологиялық дайындық кафедрасының аға оқытушысы, азаматтық қорғау  капитаны Арман Рахым, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Тағылымды шара барысында жиналғандарға Сағадат Нұрмағамбетовтың өмірбаяны туралы қысқаметражды бейнефильм көрсетілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы мен  «ҚР Қорғаныс Министрлігі Әскери-техникалық мектебі» РМҚК Щучье филиалының курсанттары  арнайы дайындаған «Ел қорғаны — Жас сарбаз» тақырыбындағы бейнероликтер ұсынылды.

Спикерлер Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының атынан Алғыс хаттармен мараптталып, іс -шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

Айгүл Үстембек, «Қоғамдық даму орталығы» КММ-нің Ақпараттық – талдау бөлімінің маманы.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Щучинскіде ашылған ескерткіш кімге арналған?

Әлеуметтік желілерде Щучинск қаласында ауған соғысы ардагерлеріне арнап орнатылған ескерткіш туралы ақпарат таралды. Ауған соғысына қатысушыларды ақтай да, даттай да алмаймыз. Олар отандарын басқыншы...

Сот қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

Сотта, 58-жастағы жұмыс істемейтін азамат «П.»-ға қатысты анасының денсаулығына зиян келтірмей ұрып-соққаны үшін қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі). Сотта анықталғандай, ер адам үйде...

Сот жұмысшыларға өтемақы, моральдық зиян және әлеуметтік төлемдерді аударуды ЖШС-ны міндеттеді

Қосшы қалалық соты пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, өсімпұл, моральдық зиянды өндіріп алу және әлеуметтік төлемдерді аударуды міндеттеу туралы «D.» ЖШС-ға 11 жұмысшының талап...

Қазақстандық пауэрлифтер Давид Дегтярев екі дүркін паралимпиада чемпионы атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі –...

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдау басталды!

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола облысында тұратын, күндізгі оқу түрінде ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар келесі критерийлерге сәйкес...