spot_img
spot_img
14.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарҚазақстанСҚО бір үйір жылқы суға батып кетті

СҚО бір үйір жылқы суға батып кетті

-Жарнама -spot_img

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Әлжан ауылы тұрғындарының сөзінше, еркін жайылымда жүрген бір үйір жылқы осыдан бес-алты күн бұрын ізім-ғайым жоғалған. Жылқышылармен бірге мал иелері де барлық жерді шарлап шығыпты. Тіпті жоғалған жылқыны іздеуге полициядан да көмек сұрапты. Сөйтсе, жылқылар ауыл маңындағы қамыстың арасында суға батып кеткен екен.

Қазіргі кезде мал иелері суға батқан жылқылардың санын анықтауда.

«Ауылда отырып малмен күн көріп отырған, ауылдағы ағайынға әрине қиын. «Жылқы айдаса жаудыкі, ықса желдікі» деуші еді көкірегі даңғыл қариялар. Қазір жылқыны түгендеп жатырмыз өлген жылқының саны алпыстай болуы мүмкін, мүмкін одан да көп болмаса»,-дейді Әлжан ауылының тұрғындары.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img