spot_img
- Жарнама -spot_img
13.8 C
Kokshetau
ЖаңалықтарМаңыздыҰлттық банк базалық мөлшерлемені тағы да көтерді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы да көтерді

-Жарнама -spot_img

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім болжамдар мен нақты деректердің талдауына негізделді. Оған геосаяси жағдайдың белгісіздігі мен салдары, сондай-ақ әлемде азық-түліктің жоғары бағалары сақталып отырған сыртқы ортаның факторлары негіз болды», – делінген хабарламада.

Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің қазіргі деңгейін жеткілікті жоғары деп бағалап отыр.

«Базалық мөлшерлемені ұзақ уақыт бойы бүгінгідей мәндерде сақтау инфляцияны тұрақтандыруға және оны орта мерзімді перспективада біртіндеп төмендетуге мүмкіндік береді»,- деп түсіндірді Банк.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img