Пятница, 14 февраля, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерЦелиноградСайлауалды бағдарламада барлығы қамтылған

Сайлауалды бағдарламада барлығы қамтылған

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бүгін Целиноград ауданы Нұресіл ауылдық округі тұрғындарымен Ақмола облысы маслихаты депутаттығына кандидат Алтын Қорғанқызы Ахмет, аудандық маслихат депутаттығына кандидаттар Қуат Төлеуұлы Дүйсекеев, Мұхтар Қылышұлы Досхожин, Азамат Жеңісұлы Қанапиянов, Салтанат Ермекқызы Жунусова, Амангелді Шаукенұлы Қапанов, Александра Николаевна Бутакова үгіт-насихат кездесуін ұйымдастырды.

Кездесу барысында М.Қ. Досхожин ағымдағы жыл әлем халқы үшін үлкен сынақ болғаны айтып, көптеген мәселелерге жекелей қарауға әрі адамның өмірі мен денсаулығы — мемлекет үшін маңызды екенін тағы бір мәрте аңғарумызға септігі тигенін жеткізді.

Карантин шараларына қарамай партия жұмыс жасауын тоқтатқан емес. Ел басына қиын қыстау кезең туғанда халықпен бірге болған партия, алдағы уақытта да мемлекетіміздің дамуы жолында бірге болуды нақты мақсат етіп қойып отыр. Кандидаттар жиынға қатысушылардан партия атынан ұсынылған кандидаттарды қолдауға шақырып, сайлауалды бағдарламада барлық салаға қатысты мәселелердің шешімі қамтылғанын жеткізді.


Кездесу барысында Нұресіл ауылы тұрғындарына Салтанат Ермекқызы Жунусова «Nur Otan» партиясының Целиноград ауданын дамытудың 7 басым бағытымен таныстырды. Кандидаттар аудандағы сайлауалды бағдарламада бұдан бөлек ауданды дамытуға арналған басқа да салалар бойынша негізге алынған жұмыстарды баяндап, қатысушылардың пікірлері, сауалдарын тыңдады.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған жол жөндеу, ауызсу т.б. көтерілген мәселелер бойынша штаб мүшелері сұрақтарды тиісті мекемелерге жеткізіп, хат жіберіп, бақылауға алатындарын мәлім етті. Кездесу соңында «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы сайлауалды қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшінің әдебі оның кәсібилігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады

Қазіргі мемлекеттік билік институттарына деген сенім деңгейі мәселесінің өзектілігі барған сайын артып келе жатқан қоғам жағдайында мемлекеттік қызметшілердің әдебі бүкіл мемлекеттік қызметтің тиімді және...

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы іске кірісті. Солардың бірін басқарған ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ақмола кәсіпкерлерімен...

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...