Воскресенье, 3 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамСапасыз мемлекеттік аудит негізсіз қылмыстық қудалауға алып келеді

Сапасыз мемлекеттік аудит негізсіз қылмыстық қудалауға алып келеді

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығы онлайн режимінде Ішкі мемлекеттік аудит аумақтық департаментінің өкілдерімен сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын қарау бойынша кездесу өткізді.

Қатысушыларға ҚР ҚПК-нің 200-бабы негізінде енгізілген ұсыну шеңберінде мемлекеттік аудит органдары қызметкерінің тексеруді тиісінше ұйымдастырмау және жүргізу фактісі бойынша ақпарат жеткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылығы атап өткендей, бұрын анықталған залалдың сомасын тергеу барысында растамағаны үшін мемлекеттік аудиторлық тексеру актілері негізінде тіркелген қылмыстық істердің бір бөлігі ақтайтын негіздер бойынша тоқтатылады.

«Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту мәселесі құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында. Азаматтарды негізсіз қылмыстық қудалауға болмайды, өйткені бұл адамдардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін бұзады. Сондықтан, мемлекеттік аудиторлар тексерулерді жүзеге асыру кезінде жоғары кәсібилік, объективтілік және сатылмаушылық танытуы қажет», — деп атап өтті кездесу барысында облыс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы Мұрат Төлеубаев.

Сондай-ақ, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамадағы маңызды өзгерістерді түсіндірді.

Алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшылығына бағыныштылардың қызметіне тиісті бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ ұжымға аудиторлық қорытындыларды сапасыз жасағаны үшін тиісті жауапкершілікке тарту туралы түсіндіру ұсынылды.

Динара Нұртаз,

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз хатшысы.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсету мемлекеттік органдардың басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы...

Ақмола облысында Жас мемлекеттік қызметшілер мектебіне 2024 – 2025 оқу жылдарына іріктеу аяқталды

Ақмола облысында мемлекеттік қызметке талантты, сауатты, білімді, көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту үшін Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі жұмыс істейді. Оның мақсаты жастарға мемлекеттік органдарда...

Ақмола облысында мүгедектігі бар мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мүгедектігі бар мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуына талдау жүргізді. Талдаумен Ақмола облысының мемлекеттік қызмет жүйесінде мүгедектігі...