Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/4 мекемесінің психологтары 5510 әскери бөлімінің 4 атқыштар ротасының мерзімді қызмет сарбаздарымен тимбилдинг өткізді, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.
Команда құру немесе team building – (тимбилдинг) — психотренингке ант қабылдаған әскер қатарына алынған 67 сарбаз қатысты.
Психологтардың мақсаты – Жас Отан қорғаушыларға командир қойған міндеттерді бір-бірінің ынтымақтастығы мен қолдауы жағдайында ғана уақтылы және сапалы орындауға қол жеткізе алатындықтарын, бір тұтас әскери ұжымның не екенін көрсету болды. Түсіністік танытып, жанжал туғызбау және бір бірін қолдау қажеттігі түсіндірілді.
Тренинг жұмысы барысында әскерге шақырушыларға бірлесіп логикалық тапсырмаларды шешу, танымдық ақпарат бойынша ой-өрісін кеңейту, әркімнің пікірін ескере отырып, бірыңғай шешім қабылдау, бір сөзбен айтқанда командада жұмыс істеу қажет болды.
«Отанымыздың түкпір-түкпірінен келгенімізге қарамастан, әркімнің өз мінезі, менталитеті бар, біз ортақ тіл таба алдық, дос, жолдас және бір ғана отбасы бола алдық», — деп бөлісті сарбаз.
Тренинг соңында қатысушылардың әрқайсысы алған тәжірибесі және әсерлерімен бөлісті.