Четверг, 21 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамӨсімдіктер мен жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Сондай-ақ, оқыңыз...

Мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсету мемлекеттік органдардың басым міндеттерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы (бұдан әрі-Инспекция) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мынадай түрлерін көрсетеді:

  1. Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру;
  2. Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алуға рұқсат беру;
  3. Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсат беру.

Қазіргі уақытта Инспекция көрсететін барлық мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа ауыстырылды және оларды көрсету уақыты айтарлықтай қысқартылды. Осылайша, «Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету уақыты 5 жұмыс күнінің орнына 2 жұмыс күнін, ал «Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету уақыты бастапқы 3 жұмыс күнінің орнына небәрі 20 минутты құрайды. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін азаматтарға www.elicense.kz «Электрондық үкімет» Веб-порталына жүгіну қажет.

2024 жылдың өткен кезеңінде Инспекцияға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 119 өтініш келіп түсті. Бұрынғыдай ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет «Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру», атап айтқанда, қасқыр санын реттеу болып табылады. Азаматтарға жануарлардың, атап айтқанда қасқырдың санын реттеу, биологиялық негіздемеге сәйкес жүргізілетінін және жергілікті тұрғындар малға шабуыл жасау немесе қаңғыбас дарақтардың елді мекендерге кіруі туралы тіркелген куәліктерін көрсеткен кезде ғана мүмкін болатынын еске салғым келеді.

Қажет болған жағдайда азаматтар мен заңды тұлғалар инспекцияның тиісті бөлімдерінің жұмыс телефондары бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша кеңес ала алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Инспекция мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметкерлердің біліктілік деңгейін тұрақты негізде арттырып отырады.

Мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсету жөніндегі жұмыс инспекция басшылығының бақылауында.

А.Х.Әубәкірова,
Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...