Среда, 2 апреля, 2025
ЖаңалықтарОқиғаСотСот қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

Сот қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Сотта, 58-жастағы жұмыс істемейтін азамат «П.»-ға қатысты анасының денсаулығына зиян келтірмей ұрып-соққаны үшін қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі).

Сотта анықталғандай, ер адам үйде мас күйінде бола тұра, анасымен сөзбен жанжалға келіп, оның қолынан ұстап, тән ауруына ұшыратып итеріп жіберген.
Әйел ұлына қатысты шара қолдану туралы полицияға арыз жазды.

Медициналық куәландыру «П.»-да алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесін анықтады.

Сот-медициналық сараптама әйелдің оң қолында көгергенін анықтады.
«П.» жергілікті аймақта табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде және алкогольдік мас күйде қылмыстық теріс қылық жасағанын сот жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар деп таныды.

Жаза тағайындауда сотталушының кінәсін мойындауын, тұрақты жұмыс пен табыстың жоқтығы ескерілді.

Сот үкімімен «П.»-ға Қылмыстық кодексте көзделген ең жоғары жазаның түрі қоғамдық жұмыстарға 60 сағатқа тарту тағайындалды.

Ақмола облысы
Астрахан аудандық соты

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Телеарна арқылы күндіз-түні сәләфизмді насихаттадық. Қазақ қоғамына қазіргі исламнан қатер бар ма?

Таяуда әлеуметтік желілерде Біріккен араб әмірлігінде Дубай қаласында  украиналық модель келіншектің басынан кешкен жайы туралы көп ақпараттар жарияланды. Ақшаға қарық боласың деген жарнамаға сеніп...

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі – кәсіпкерлікке жағдай жасаудың құралы

2024 жылы Ақмола облысында 8 миллионға жуық мемлекеттік қызметтер көрсетілді.  Қызметтердің біраз түрі кәсіпкерлік жүргізу үшін ерекше маңызды сипақта ие, олар: құрылыс кезінде рұқсаттар...

Құны 5 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобаны іске асыруға кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Бурабай ауданының прокуратурасымен бірлесіп, құны 5 миллиард теңгеден асатын жобаны іске асыруға «Минеральные источники» жауапкершілігі...

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері талқыланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару қызметтері өкілдерімен онлайн семинар өткізді. Семинар барысында мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін...

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...