spot_img
spot_img
8.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарӨңірлерСтепногорскСтепногорск қаласының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қалпына келтірді

Степногорск қаласының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қалпына келтірді

-Жарнама -spot_img

Степногорск қаласының прокуратурасы Мемлекеттік кірістер басқармасымен 30 кәсіпкердің шоттары бойынша шығыс операцияларын заңсыз тоқтата тұру фактілерін анықтады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығымен шағын бизнес және микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мораторий енгізілді, салық органы олардың бюджет алдында шамалы берешегі бола тұра, банк шоттары бойынша операцияларды толығымен тоқтатты.

Бұл әрекеттер Салық кодексіне қайшы келеді, оған сәйкес шағын және микробизнес субъектілеріне шектеулер қою қарастырылмаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша салық органы заңсыз өкімдерді кері қайтарылып, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Осыған ұқсас фактілер облыстың басқа аудандарында да бар, заңсыз шектеулерді алып тастау және кәсіпкерлердің құқықтарын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, егер Сіз мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз тексеруге, негізсіз араласуға немесе қысымға тап болсаңыз, Ақмола облысының прокуратура органдарына дереу хабарласуды ұсынамыз.

Ақмола облысының прокуратурасы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img