spot_img
spot_img
17.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарӨңірлерСтепногорскСтепногорскіде балаларға қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды

Степногорскіде балаларға қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды

-Жарнама -spot_img

«Балаларға күлкі сыйла» акциясына «Жақсы іске жаршы болған – автобус» жобасы шеңберінде Степногорск қаласының жоғары колледж студенттері мен «Степногорск подшипник заводы» АҚ, «Қазақалтын Technology» тау кен-металлургиялық концерні» ЖШС және «Алтыналмас» АҚ ұжымы бірлесіп өткізді.

Акция барысында волонтерлер Ақкөлдегі «Рассвет» лагерінде болды. Онда Урюпинка ауылындағы «Балабақша-мектеп-интернаты» арнайы кешенінің және Ақкөл қаласындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері демалып жатыр.

Қайырымдылық жұмыстары аясында, лагерде тәрбиеленіп жатқан балалардың көңілін көтеру үшін, бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Олардың ең қызықтысы колледж студенттері ұйымдастырған «Кариб теңізінің қарақшылары» атты ойыны болды. Онда балалар жұмбақтар, ептілік пен төзімділікке арналған интеллектуалды және ашық ойындар сияқты әртүрлі тапсырмаларды орындады. Балар өздерін қарақшылардың серігі сезініп, тамаша әсер алды.

Шара соңында «Степногорск подшипник заводы» АҚ, «Қазақалтын Technology» тау кен-металлургиялық концерні» ЖШС және «Алтыналмас» АҚ волонтерлері балаларға арналған спорттық ойындар ұйымдастырып, тәтті сый-сыяпат  жасады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img