Сенбі, Мамыр 4, 2024
9.7 C
Kokshetau
13 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіСтуденттер өзара бақ сынасты

Студенттер өзара бақ сынасты

«Біздің елімізге көкірегі ояу, білімді, көзі ашық, ойы ұшқыр жастар керек» Қ.К.Тоқаев.

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қаламыздағы колледж студент-жастары арасында «Тарихи таным» тақырыбында  зияткерлік сайыс өтті.

Сайыстың мақсаты – жастардың ой-өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, дарынды жастарды анықтау. Өз ойларын тез тұжырымдай білуге, жылдам, дұрыс шешім қабылдауға, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Дүбірлі додаға Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Жандаулет Қылышбаев, Қоғамдық даму орталығының басшысы Айдар Қожабаев және мекеме қызметкерлері, сондай-ақ  Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі, Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжі, Ш.Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледждің студенттері қатысты.

Басқарма басшысының орынбасары Жандаулет Төлепбергенұлы игі шараның шымылдығын ашып, елімізде жастардың білімді, қабылетті болуына Үкімет тарапынан барлық жағдайлар жасалып жатқандығын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Зияткерлік  сайыста студенттер өз бақтарын сынап, жақсы ойын көрсете білді.

Сайыс 3 кезеңді қамтыды:

I кезең – «Білім ринг»  (ұяшық тандап, ұпай алу);

II кезең –  «Ұшқыр ой» (ребус арқылы, мақал-мәтелдерді табу);

III кезең –   «Көшбасшы»  (берілген сөздерді, тобына жасыру).

Өз білімдерін ортаға салған студент-жастар бойларындағы қобалжу сезімін білдіртпеді. Барлығынан жеңіске деген талпынысты байқадық.

Озық ойлы жастар арасындағы сайыс қызықты әрі тартымды өтті. Қатысушылар барынша ұйымдасқан түрде белсенділік танытып, өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды.

Сайыс соныңда Қазылар алқасы сайыскерлердің жұмыстарын бағалап, қорытындысын шығарды.

Нәтижесінде Ш.Уәлиханов атындағы  КУ жанындағы  көпсалалы колледждің намысын қорғап келген  «Шоқан ұрпақтары» тобы 1 орынға лайық деп танылса, 2 орынды Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Мусин жастары» тобы,  ал 3- орынды  Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Алаш» тобы  өз қанжығасына байлады.

Ынталандыру номинациясы – Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінің «Ұланымыз ұлы елдің» тобына бұйырды.

Тағылымды шара соңында сайыс жеңімпаздары  сыйлықтармен және дипломдарымен арнайы марапатталды.

Қазылар алқасының төрағасы Алмат Нүкенов сайыс жеңімпаздарын құттықтап, жүрек жарды лебізін білдірді.

Осындай ел жастарына рух беретін әрі оларды елін, Отанын сүюге шақыратын мазмұны зор игі іс-шаралар «Қоғамдық даму орталығы» КММ тарапынан алдағы уақытта да жалғасын табады деген ойдамыз.

Бәсекеге қабілетті, ойлары жетік Егемен еліміздің жастарына әрдайым сәттілік тілейміз!

Айғаным Қайырбекова,«Қоғамдық даму орталығы» КММ маманы.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...