spot_img
- Жарнама -spot_img
12.8 C
Kokshetau
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетАқылы үйірмелерге тегін баруға мүмкіндік ашылды

Ақылы үйірмелерге тегін баруға мүмкіндік ашылды

-Жарнама -spot_img

Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 4-17 жас аралығындағы балалар үшін 58 тегін үйірме ұйымдастырылады.

Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сабитованың айтуы бойынша, жобаның негізгі мақсаты: бір қадамдық қолжетімділікте орналасқан үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік беру.

Жоба толық цифрлық форматта artsport.edu.kz порталында жүзеге асырылады. Қызмет көрсететін кәсіпкерлер порталға тіркеліп, өтінім жолдайды, сонымен қатар, шығармашылық үйірмелерге қатысу үшін ваучерлерді алу мақсатында балалардың ата-аналары, заңды өкілдері тіркеледі.

Барлық балалар үшін 58 бағыт бойынша үйірме қолжетімді болады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін Ақмола облысында ағымдағы жылдың соңына дейін 134,5 млн.теңге бөлінді.

Барлық талаптарға сай кәсіпкерлер artsport.edu.kz порталында тіркеліп, өтініш қалдырады. Келісім берілгеннен кейін, ата-аналар порталда тіркеліп, өтініштерін қалдырады. Ваучер алғаннан кейін балалар шығармашылық үйірмелерге тегін қатысады, ал оқу үшін төлем кәсіпкерлерге мемлекеттен төленеді.

Үйірмелер 4-17 жас аралығындағы балаларға арналған. Шығармашылық үйірмелердің тізіміне келесілер кіреді: би, бейнелеу өнері, декоративтік-қолданбалы шығармашылық театр және кино, заманауи арт-индустрия, , вокалдық, аспаптық орындаушылық, халық аспаптары, музей ісі, әдеби үйірмелер, шығармашылық шеберханалар.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img