-26.2 C
Кокшетау
Воскресенье, 10 декабря, 2023
ЖаңалықтарОқиғаСотТұрғын үйді жалға берем деп алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Тұрғын үйді жалға берем деп алаяқтық жасағаны үшін сотталды

-Жарнама -spot_img

Көкшетау қаласының тұрғыны «Н.» ақпараттық жүйелерді қолданумен адамдарды алдап, бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін сотталды (ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 3,4-тармақтары).

Бұрын осындай қылмыстар үшін сотталған «Н.» «Instagram» әлеуметтік желіде студенттердің тұру үшін қаладан пәтер іздейтіні туралы хабарландыруларды тауып, оларға пәтерін жалға берем деп, алдын-ала төлем алған. Содан кейін пәтер берілмейді деп бас тартып, ақшаларын қайтаруға уәде берді. Алайда, ақшаны қайтармады.
Осылай «Н.» студенттерді алдап, олардан алынған алдын-ала ақшалай төлемді букмекерлік кеңседе ойындарға салып отырған.

«Н.»-нің іс-әрекетінен 8 адам зардап шекті. Жәбірленушілерге жалпы сомасы 300 000 теңгеден астам шығын келтірілді. Сотта жәбірленушілер шығындарын өтеу туралы азаматтық талап арыз берген жоқ.

«Н.»-нің кінәсі сотталғанның өзі мойындаған айғақтарымен, жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен, заттай дәлелдемелер — тәркіленген ұялы телефонмен расталды.

Сот үкімімен «Н.» 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты.

- Жарнама -spot_img
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img