spot_img
spot_img
7.7 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысТеміртау қаласының тұрғыны жоқ пәтерлерді жалға берген

Теміртау қаласының тұрғыны жоқ пәтерлерді жалға берген

-Жарнама -spot_img

Полиция басқармасына көмек алу үшін Қостанай қаласының 27 жастағы тұрғыны, Екібастұз қаласының 21 жастағы тұрғыны және Көкшетау қаласының 24 жастағы тұрғыны жүгінді, олар белгісіз адам олардан алдау жолымен ақша қаражатын алғанын айтты.

Ағымдағы жылы зардап шеккендердің барлығы «Olx» хабарландыру сайтынан жалға берілетін тұрғын үй іздегені белгілі болды. Олар хабарландыруда көрсетілген нөмірге қоңырау шалған кезде, оларға 10-20 мың теңге мөлшерінде алдын ала төлем жасау ұсынылды. Ақша аударылғаннан кейін жарнаманың авторы байланысқа шығуды тоқтатты.

Ақмола облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Теміртау қаласының аумағында «Anti-fraud» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында республиканың түрлі өңірлерінің тұрғындарынан алдау жолымен ақша алған Теміртау қаласының 31 жастағы бұрын бірнеше рет сотталған тұрғыны анықталды.

Ер адам қылмысын мойындады. ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. «Ешқайда кетпеу туралы қолхат» мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img