Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының сахнасында қойылатын драманың авторы М.Сәрсеке, қоюшы режиссері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері О.Кенебаев, қоюшы суретші М.Топанбаева.
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Сағила — Маржан Бөкешова ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері,
Таубай — Қайрат Мырзаболатов ҚР «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері,
Айнагүл – Ғалия Қорабаева,
Жорабек – Төлеуов Еркебұлан
Еркетай – Мыңжасар Айару
Сергей – Асланбек Шайсұлтанов
Көпшілік сахналарда – Театр артистері.
Жазушы – драматург Медеу Сәрсекенің бұл туындысы бір отбасына тосыннан келген тағдыр сынағы арқылы бүгінгі қоғамның бет – бейнесін көрсетеді. Өрісін кеңітіп немере бағып отырған қарапайым ата — ана Таубай мен Сағиланың ұлы мен келіні көлікпен адам қағып кетеді… Айып арқалап темір торға қамалған жалғыз ұлды пара беріп құтқару үшін 100 мың доллар керек болады. Бауыр еті баласын уайымдап, сарсаңға түскен әке мен шеше, бұл ақшаны қайдан таппақ ? Бұл кесапатқа кім кінәлі? Бұл әлде шолжаң келіннің кесірі ме?
Премьераны көкшетаулық көрермендер қазанның 5,6 және 10 күндері аралығында тамашалай алады.