Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Атығаев жұмыс сапарымен Целиноград ауданында болды.
ТЖД бастығы Целиноград гарнизонының өрт сөндіру бөлімшелерінің (Ақмол, Арайлы, Софиевка және Қабанбай батыр), жергілікті атқарушы органның қаражаты есебінен жұмыс істейтін Қосшы ауылының өрт сөндіру бекетінің материалдық-техникалық базасымен танысты.
Аумақтың су тасқыны кезеңіне дайындығы шеңберінде Қараөткел және Талапкер ауылдық округтерінің аумағындағы Есіл өзені арнасының проблемалық учаскелері қарастырылды, сондай-ақ «ҚАЗСУШАР» ШЖҚ РМК өкілдерімен бірлесіп Нұра өзенінің арнасында орналасқан Преображенский су торабына тексеру және кенес жүргізілді.
Жұмыс сапары барысында Целиноград ауданының әкімдігінде аудан қызметтерінің қысқы және су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мәселелері бойынша кеңес өткізілді.