spot_img
spot_img
7.7 C
Kokshetau
ЖаңалықтарӨңірлерШортандыЖолымбет тұрғындарына жедел жәрдем көлігі сыйға тартылды

Жолымбет тұрғындарына жедел жәрдем көлігі сыйға тартылды

-Жарнама -spot_img

Бүгін Жолымбет кентінің жергілікті қауымдастығымен 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мәселелерін қарау және «Қазақалтын ТКМК» АҚ 2020 жылғы қызметінің қорытындыларын талқылау бойынша кездесу өткізгеннен кейін өнеркәсіптік кәсіпорын бас директорының орынбасары Ғани Сагиев жаңа жедел жәрдем көлігінің кілтін табыс етті.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында, «Қазақалтын Technology» ЖШС қолдауымен кенттің дәрігерлік амбулаториясы қызметтік автокөлікпен жабдықталған.

Айта кету керек, «Қазақалтын ТКМК» АҚ құрылған жұмыс тобының белсенді қызметінің арқасында кент тұрғындарының әлеуметтік мәселелері шешілуде, бірқатар өткір проблемалар анықталуда, соның ішінде Жолымбет кентінің амбулаториясын жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз ету.

Арнайы автокөлік жеткізіліп, кент емханасының аға дәрігеріне тапсырылды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img