Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
17.2 C
Kokshetau
17 C
Nur-Sultan
20 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаАдам және заңҚылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғау

Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғау

Ағымдағы жылы прокуратура органдарының бастамасы бойынша қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау саласында бірқатар заңнамалық бастамалар қабылданды.

Мәселен, ҚР Бас прокуратурасы Ішкі істер министрлігімен, Қаржы мониторингі агенттігімен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп сотқа дейінгі тергеп-тексеру және жазаны орындау сатысында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен нұсқаулықты бекітті.

Енді құқық қорғау органының басшысы күшпен әкелудің заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз етуге, азаматтарды жеткізу мен ұстауға, сондай-ақ азаптау мен ар-намысты қорлайтын әрекеттерге жол бермеуге дербес жауапты болады.

Бұдан басқа, кезекші прокурордың рөлі күшейтілді.

Қабылданған заңнамалық бастамаларды ескере отырып, ағымдағы жылы ұсталған азаматтардың саны 96 адамға азайды ( 248-ден 152-ге дейін).

Прокурорлар қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған 12 адамды босатты (39).

Қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау саны да 39% – ға азайды (247-ден 152-ге дейін).

Заңсыз ұсталған адамдардың жалпы төмендеуі жүйелі түрде жүргізілетін «Қорғау» қадағалау-алдын алу іс-шараларының есебінен де орын алды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...