Сенбі, Шілде 27, 2024
19.2 C
Kokshetau
23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаАдам және заңЗаңсыз берілген жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Заңсыз берілген жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының жұмысындағы басым бағыттардың бірі заңсыз берілген жерлерді мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылдау болып табылады.

Осыған орай, Көкшетау қаласының прокуратурасы тұрақты негізде жер заңнамасының сақталуына тексеру жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағына сәйкес осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру аукциондарда жүзеге асырылады.

Тексерумен Көкшетау қ. әкімдігі аукцион жүргізбестен кіреберіс жолдарға қызмет көрсету үшін 94,6 га аумағымен жер учаскесіне уақытша өтеулі пайдалану құқығын бергені анықталды.

Көкшетау қ. прокуратурасымен уақтылы қабылданған шаралар нәтижесінде кадастрлық құны 223 млн. теңгеден астам жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

                                                     Көкшетау қаласының прокуратурасы.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...