Воскресенье, 8 сентября, 2024
ЖаңалықтарМаңыздыЗейнетақы жинағынан 1 трлн теңгеге ипотекасыз үй сатып алынған

Зейнетақы жинағынан 1 трлн теңгеге ипотекасыз үй сатып алынған

Біржолғы зейнетақы төлемінің арқасында 147 747 адам ипотека көмегінсіз-ақ үй сатып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының баспасөз қызметі осындай мәлімет таратты.

«Қазақстандықтар enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй мен емделу ақысын төлеуге 1,5 триллион теңге зейнетақы жинағын пайдаланды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің көмегімен тұрғын үй жағдайын 279 859 қазақстандық жақсартып үлгерді. Оның ішінде 147 747 адам зейнетақы төлемдерін ипотекасыз тұрғын үй сатып алуға жұмсаған. Бұл мақсатқа жалпы көлемі 1 триллион теңгеден астам қаражат кеткен. Тағы 44 100 қазақстандық «Отбасы банкіндегі» («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) заем бойынша қарыздарын өтеуге 118 млрд теңге жаратқан. 31 мың адам өзге екінші деңгейлі банктерде 117 млрд теңгеге ипотекалық қарызын төлеген. Ал 17 мыңға жуық азамат зейнетақы төлемдерін Отбасы банкінен несие алу үшін алғашқы жарна түрінде жұмсаған», — деп жазылған ресми мәліметте.

Оның 84% екінші нарықтан баспана алса, 16% бастапқы жарнаны құрылыс салушыларға төлеп, жаңа үйден баспана алуды жөн көрген. Тағы 29 793 қазақстандық жалпы көлемі 30 млрд теңге зейнетақы жинағын емделу мақсатына жұмсаған. Біржолғы зейнетақы төлемін қолданған қазақстандықтардың орташа жасы — 41, дені — ер азаматтар (68%).

Нұр-Сұлтан қаласы, Маңғыстау облысы мен Алматы қаласы зейнетақы төлемдерін баспана алу үшін ең көп қолданған аймақтардың алғашқы үштігінде тұр. Ал Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары бірыңғай зейнетақы төлемін пайдалануға ең төмен қызығушылық танытқан.

«Қазақстандықтард туыстарына көмектесуге асық және бұл мүмкіндікті белсенді түрде пайдалануда. Оған біздің статистика куә. Осылайша, 279 859 адамның 35%-ы жинақтарын жартылай немесе толығымен туыстарынан алып, өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Тіпті туысқандардың аз ғана зейнетақы жинақтарының өзі отбасы ішінде біріктірілгенде, тұрғын үй сатып алуға немесе қолжетімді шарттармен несие алу үшін бастапқы жарна төлеуге мүмкіндік берді» — дейді «Отбасы банктің» басқарма төрайымы, Ләззат Ибрагимова.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Щучинскіде ашылған ескерткіш кімге арналған?

Әлеуметтік желілерде Щучинск қаласында ауған соғысы ардагерлеріне арнап орнатылған ескерткіш туралы ақпарат таралды. Ауған соғысына қатысушыларды ақтай да, даттай да алмаймыз. Олар отандарын басқыншы...

Сот қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

Сотта, 58-жастағы жұмыс істемейтін азамат «П.»-ға қатысты анасының денсаулығына зиян келтірмей ұрып-соққаны үшін қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі). Сотта анықталғандай, ер адам үйде...

Сот жұмысшыларға өтемақы, моральдық зиян және әлеуметтік төлемдерді аударуды ЖШС-ны міндеттеді

Қосшы қалалық соты пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, өсімпұл, моральдық зиянды өндіріп алу және әлеуметтік төлемдерді аударуды міндеттеу туралы «D.» ЖШС-ға 11 жұмысшының талап...

Қазақстандық пауэрлифтер Давид Дегтярев екі дүркін паралимпиада чемпионы атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі –...

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдау басталды!

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола облысында тұратын, күндізгі оқу түрінде ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар келесі критерийлерге сәйкес...