Сенбі, Шілде 27, 2024
19.2 C
Kokshetau
23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіЖаһандық экономикаға интеграцияның кепілі

Жаһандық экономикаға интеграцияның кепілі

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназия қызметкерлері арасында жақсы іскерлік қарым-қатынас орнады. Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында бітіруші сынып оқушылары үнемі ашық есік күндеріне, экскурсиялар мен кездесулерге шақырылады. Айта кету керек, көптеген қызметкерлер, олардың ата-аналары және Департамент ардагерлері-жақында жүз жылдық мерейтойды атап өткен осы оқу орнының түлектері.

Заман талабына сай гимназия үштілді жүйеге көшті және бүгінде мектеп қабырғасында жаратылыстану бағытындағы пәндер ағылшын тілінде оқытылады.

Жақында тиімді әдістемелермен тәжірибе алмасу мақсатында мекемеге Назарбаев университетінің профессоры Сайед Абдул Манан (Пәкістан) және ғылыми ассистент Сабина Қайратова келді. Олар жоғары білім беру мектебінің басқа қызметкерлерімен бірге қазақстандық мектептерде үш тілді жүйені енгізумен айналысады.

Іс-шара барысында елордалық оқытушылар гимназиямен  танысып, әлеуметтік зерттеу жүргізіп, көптілді білім беру бойынша мектеп мұғалімдеріне пайдалы ұсыныстар берді.

1956 жылғы мектептің түлегі Мемлекеттік кірістер органдарының облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тенбай Ибраев қонақтарға алғысын білдіріп, қазақтың ұлттық дәстүрі бойынша құрмет пен алғыс белгісі ретінде қазақ шапанын сыйға тартты.

Мәлік Ғабдуллин атындағы № 3 мамандандырылған гимназияның директоры Ардақ Ахмеджанованың айтуынша, біздің мектепте үштілді оқыту жүйесі 2004 жылдан бастап енгізілген. Қазақстан халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде: қазақ тілін мемлекеттік тілді, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу ретінде пайдаланатын, жоғары білімді ел ретінде қабылдануға тиіс.

Іс-шара барысында қонақтар академик, жазушы, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің мектеп мұражайымен танысты.

Нұрлан Ысқақов, Ақмола облысы бойынша МКД баспасөз қызметі.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...