Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыСиноптиктер 14 өңірде ескерту жариялады

Синоптиктер 14 өңірде ескерту жариялады

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Қазгидромет» РМК 12 сәуір күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысының түнде батысында және оңтүстігінде, күндіз шығысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде және шығысында екпіні 18-23 м/с құрайды.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында тұман болжанады.

Шымкент қаласында кей уақытта найзағай ойнап, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан қаласында түнде және таңертең найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің батысында, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында 12-13 сәуірде оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз 12 сәуірде 23 м/с артады.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде өңірдің орталығында жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Өңірдің солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с артады.

Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай болжанады. Шығыстан жел соғады, өңірдің оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз Павлодар облысының орталығында жел соғады, екпіні 15-20 м/с артатыны күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел соғады, күші 25 м/с артуы ықтимал. Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады. Кей уақытта екпіні 25 м/с күшейеді.

Күндіз 12 сәуірде, түнде 13, 14 сәуірде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 12-14 сәуірде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай болжанады. 12 сәуірде желдің екпіні 25 м/с артатыны күтіледі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...