Среда, 2 апреля, 2025
ЖаңалықтарОқиғаСотЖария сот отырысы: бюджет қаражатын ұрлағандар сотталды

Жария сот отырысы: бюджет қаражатын ұрлағандар сотталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Сот сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы қылмыстық іс бойынша жария сот отырысын өткізді. Үкімді жария етуге, осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, Бурабай ауданының әкімдігі мен құрылыс бөлімінің өкілдері шақырылды.

Сотпен, Бурабай ауданының ТКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы «А.» (ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 1),2)-тармақтары) және мердігерлік ұйымы директорының орынбасары «Т.» (ҚК-нің 28-бабының 3-бөлігі, 189-бабы 3-бөлігінің 1),2)-тармақтары) адамдар тобында, қызметтік жағдайын пайдалану арқылы, жымқыру жолымен бюджет қаражатын ірі мөлшерде ұрлағаны үшін сотталды.

«А.» мердігер «Т.»-мен сөз байласып, Зеленый Бор кентіндегі қазандықтың ауа өткізгішін жеткізу және монтаждау бойынша жұмыстарды қабылдап, 12 млн. теңгеге жуық актілерге қол қойған. Іс жүзінде бұл жұмыстар орындалмаған.
Сотталғандардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалармен және істің басқа материалдарымен дәлелденді.

Жаза тағайындауда сот кінәлілердің келтірілген залалды өз еркімен өтегендерін, «А.»-да кәмелетке толмаған баланың болуын, екі сотталушының жұмыс орны мен тұрғылықты жері бойынша оң сипаттамаларын, соттылықтың болмауын — жеңілдететін мән-жайлар ретінде, сондай-ақ ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескерді.

Сот үкімімен «А.» — 2 жыл 4 айға, «Т.» — 2 жыл 8 айға бас бостандықтарынан айырылды. Сонымен қатар, әрқайсысы мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқару құқығынан да айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Телеарна арқылы күндіз-түні сәләфизмді насихаттадық. Қазақ қоғамына қазіргі исламнан қатер бар ма?

Таяуда әлеуметтік желілерде Біріккен араб әмірлігінде Дубай қаласында  украиналық модель келіншектің басынан кешкен жайы туралы көп ақпараттар жарияланды. Ақшаға қарық боласың деген жарнамаға сеніп...

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі – кәсіпкерлікке жағдай жасаудың құралы

2024 жылы Ақмола облысында 8 миллионға жуық мемлекеттік қызметтер көрсетілді.  Қызметтердің біраз түрі кәсіпкерлік жүргізу үшін ерекше маңызды сипақта ие, олар: құрылыс кезінде рұқсаттар...

Құны 5 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобаны іске асыруға кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Бурабай ауданының прокуратурасымен бірлесіп, құны 5 миллиард теңгеден асатын жобаны іске асыруға «Минеральные источники» жауапкершілігі...

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері талқыланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару қызметтері өкілдерімен онлайн семинар өткізді. Семинар барысында мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін...

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...