Жұма, Мамыр 3, 2024
12.2 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаСотЖария сот отырысы: бюджет қаражатын ұрлағандар сотталды

Жария сот отырысы: бюджет қаражатын ұрлағандар сотталды

Сот сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы қылмыстық іс бойынша жария сот отырысын өткізді. Үкімді жария етуге, осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, Бурабай ауданының әкімдігі мен құрылыс бөлімінің өкілдері шақырылды.

Сотпен, Бурабай ауданының ТКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы «А.» (ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 1),2)-тармақтары) және мердігерлік ұйымы директорының орынбасары «Т.» (ҚК-нің 28-бабының 3-бөлігі, 189-бабы 3-бөлігінің 1),2)-тармақтары) адамдар тобында, қызметтік жағдайын пайдалану арқылы, жымқыру жолымен бюджет қаражатын ірі мөлшерде ұрлағаны үшін сотталды.

«А.» мердігер «Т.»-мен сөз байласып, Зеленый Бор кентіндегі қазандықтың ауа өткізгішін жеткізу және монтаждау бойынша жұмыстарды қабылдап, 12 млн. теңгеге жуық актілерге қол қойған. Іс жүзінде бұл жұмыстар орындалмаған.
Сотталғандардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалармен және істің басқа материалдарымен дәлелденді.

Жаза тағайындауда сот кінәлілердің келтірілген залалды өз еркімен өтегендерін, «А.»-да кәмелетке толмаған баланың болуын, екі сотталушының жұмыс орны мен тұрғылықты жері бойынша оң сипаттамаларын, соттылықтың болмауын – жеңілдететін мән-жайлар ретінде, сондай-ақ ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескерді.

Сот үкімімен «А.» – 2 жыл 4 айға, «Т.» – 2 жыл 8 айға бас бостандықтарынан айырылды. Сонымен қатар, әрқайсысы мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқару құқығынан да айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...