Жұма, Сәуір 26, 2024
12.2 C
Kokshetau
11 C
Nur-Sultan
8 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметЖас мемлекеттік қызметшілер мектебіндегі оқыту ерекше форматта өтуде

Жас мемлекеттік қызметшілер мектебіндегі оқыту ерекше форматта өтуде

Ақмола облысының Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінде мемлекеттік қызметке түсуді жоспарлап отырған жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттері оқытылуда.

Мектеп тыңдаушылары бастапқыда қатаң іріктеу кезеңінен өткен. Атап айтқанда, студенттер тиісті тақырыптарға эссе жазып, эссені бағалау үшін кадрлық қажеттілігі бар мемлекеттік органдардың өкілдері тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалы базасында 40 академиялық сағат көлемінде мектептің 18 тыңдаушысының курстары ұйымдастырылды.

Бүгін сабақтар ерекше форматта өткізілді, атап айтқанда студенттерді оқыту мемлекеттік қызметке алғаш түскен жас мемлекеттік қызметшілермен бірлесіп өткізілді. Филиал профессоры Сәуле Мурзинаның айтуынша, мұндай сабақ форматы студенттерге мемлекеттік қызметшілерден белгілі бір тәжірибе және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу туралы пайдалы кеңестер алуға мүмкіндік береді.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметке түсу, оның ішінде іріктеу кезеңдерінен өту тәжірибесімен бөлісті, мемлекеттік қызмет туралы өз эмоцияларымен және әсерлерімен бөлісті. Жас мамандардың айтуынша, мемлекеттік қызмет компьютермен, ресми хаттармен және нормативтік құжаттармен шектелмейді. Олар іс-шараларға, соның ішінде көшпелі іс-шараларға көп уақыт жұмсайды, басқа мемлекеттік органдардың азаматтарымен және әріптестерімен өзара іс-қимыл жасайды.

«Бұл алпауыт тәжірибе. Біз үшін мемлекеттік қызмет – бұл көптеген міндеттер және еңбекқорлық. Бұл орайда белгілі бір міндеттерге басымдық бере білу маңызды. Ай сайын біліміміз бен дағдыларымыз одан әрі артып келеді» – дейді мемлекеттік қызметшілер.

Сабақтарды өткізу үшін Филиалдың профессорлық-оқытушылық құрамы, тәжірибелі мемлекеттік қызметшілер, сарапшылар тартылғанын атап өткен жөн. Оқыту бағдарламасы мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жүйесі, стратегиялық менеджмент және көшбасшылық, мемлекеттік қызметтегі негізгі қағидаттар мен құндылықтар, мансап жолымен өсуге мотивация, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидалары, тиімді коммуникациялар, эмоционалды интеллект, стресс-менеджмент, практикалық аналитиканың негіздері, жобалық менеджмент, жобалық жұмыстарды әзірлеу және практикалық кейстерді талдау сияқты тақырыптардан тұрады.

Семинар соңында студенттер мемлекеттік қызметшілермен байланыс орнатып, болашақ мамандарға консультациялық көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі.

 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...