Ақмола облыстық білім басқармасының мәліметінше, Көкшетауда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған оқушылар арасында жас пікірсайысшылар турнирі өтті. Өңірдің білім беру саласында оқушылардың зияткерлік қабілеттерін арттыруға ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұл бағытта облыста жыл сайын түрлі конкурстар, викториналар, дебаттық турнирлер өткізіліп тұрады. Осы ретте, Көкшетауда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған оқушылар арасындағы дебаттық турнир аяқталды.
Шараға 12 ауданнан, 2 қаладан және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттан 40 командадан 80 оқушы қатысты. Пікірсайыс турнирі американдық парламенттік формат бойынша қазақ, орыс лигаларында өтті және іріктеу кезеңінен, жартылай финалдан және финалдан тұрды.
«Сіздер мектепте төменгі сынып оқушыларын, құрдастарыңызды тарту арқылы осы қозғалысты жалғастыра бересіздер деп үміттенемін. Өйткені, пікірталас тек өз көзқарасын қорғау ғана емес, сонымен қатар аудитория алдында сөйлеу, сауатты сөйлеу, командада жұмыс істеуге үйрету. Пікірсайыс қозғалысында белсенді түрде айналысып, өз ой-өрісіңізді әртүрлі бағытта көтергендеріңізге алғыс білдіремін», — деді жүлдегерлерді құттықтаған «Bolashaq saraiy» директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Айнагүл Балташева құттықтап, марапаттады.
Турнир қорытындысы бойынша қазақ лигасында Ақкөл ауданының «Ақиқат ұшқыны» командасы жеңімпаз атанды.
Орыс лигасында «Bolashaq saraiy» атынан «Астрея» командасы жеңіске жетті. Сонымен бірге, Целиноград ауданының «Кемеңгер» командасынан Мирас Рақымов пен Көкшетау қаласының «Аконит» командасының мүшесі Александра Заруцкая үздік спикер атанды.
Айталық, облыс мектептерінде 5000-нан астам оқушыны қамтитын 348 пікірсайыс клубы жұмыс істейді.