Сейсенбі, Мамыр 21, 2024
8.2 C
Kokshetau
9 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіЖас пікірсайысшылар өзара сайысты

Жас пікірсайысшылар өзара сайысты

Ақмола облыстық білім басқармасының мәліметінше, Көкшетауда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған оқушылар арасында жас пікірсайысшылар турнирі өтті. Өңірдің білім беру саласында оқушылардың зияткерлік қабілеттерін арттыруға ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұл бағытта облыста жыл сайын түрлі конкурстар, викториналар, дебаттық турнирлер өткізіліп тұрады. Осы ретте, Көкшетауда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған оқушылар арасындағы дебаттық турнир аяқталды.

Шараға 12 ауданнан, 2 қаладан және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттан 40 командадан 80 оқушы қатысты. Пікірсайыс турнирі американдық парламенттік формат бойынша қазақ, орыс лигаларында өтті және іріктеу кезеңінен, жартылай финалдан және финалдан тұрды.

«Сіздер мектепте төменгі сынып оқушыларын, құрдастарыңызды тарту арқылы осы қозғалысты жалғастыра бересіздер деп үміттенемін. Өйткені, пікірталас тек өз көзқарасын қорғау ғана емес, сонымен қатар аудитория алдында сөйлеу, сауатты сөйлеу, командада жұмыс істеуге үйрету. Пікірсайыс қозғалысында белсенді түрде айналысып, өз ой-өрісіңізді әртүрлі бағытта көтергендеріңізге алғыс білдіремін», – деді жүлдегерлерді құттықтаған «Bolashaq saraiy» директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Айнагүл Балташева құттықтап, марапаттады.

Турнир қорытындысы бойынша қазақ лигасында Ақкөл ауданының «Ақиқат ұшқыны» командасы жеңімпаз атанды.

Орыс лигасында «Bolashaq saraiy» атынан «Астрея» командасы жеңіске жетті. Сонымен бірге, Целиноград ауданының «Кемеңгер» командасынан Мирас Рақымов пен Көкшетау қаласының «Аконит» командасының мүшесі Александра Заруцкая үздік спикер атанды.

Айталық, облыс мектептерінде 5000-нан астам оқушыны қамтитын 348 пікірсайыс клубы жұмыс істейді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапты

2024 жылдың 19 мамырында Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатқан Иран Ислам Республикасының сегізінші президенті Аятолла Сейед Ибрахим Раиси мінген тікұшақ...

Ақмола облысының прокуроры тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас Прокурордың 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттықов Ақмола облысының прокуроры лауазымына тағайындалды. Руфат Бауыржанұлы еңбек...

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...