«Бала құқығы — адам құқығы» республикалық айлығын өткізу бойынша «Ата-аналар балалар үшін жауапты немесе балаларды тәрбиелеудегі отбасының рөлі» тақырыбында интерактивті дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараға білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің мамандары, отбасылық қарым-қатынас клубтарының басшылары, ата-аналар қоғамдастығының өкілдері және т. б. қатысты.
Дөңгелек үстел барысында балалар ортасында құқық бұзушылықтың және балалардың бейәлеуметтік мінез-құлқының алдын алу шаралары, сонымен қатар «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру бойынша жасөспірімдер мен жастарды тәрбиелеудің маңызды және өзекті мәселелері қаралды.
Атбасар қаласы «Жарқын шоқжұлдыз» отбасылық клубының жетекшісі Е.Кравцунова отбасы мен мектептің сындарлы ынтымақтастығы бойынша жұмыс тәжірибесімен және нәтижелерімен бөлісті.
Ақмола облысы бойынша әкелер одағының төрағасы Е Закирьянов, Степногорск қалалық білім бөлімінің қалалық ата-аналар комитеті төрағасының орынбасары А.Капезов өз сөздерінде балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеудегі ата-аналардың маңызды және қажетті рөлін атап өтті.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ата-аналар қауымдастығымен жұмыс істеу үшін әдістемелік ұсынымдар әзірленді.