Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыЖеңілдетілген автонесие: Кезекке тұрғандардың бәрі көлік алады

Жеңілдетілген автонесие: Кезекке тұрғандардың бәрі көлік алады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасы жөнінде тілшілер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы тоқтаған жоқ. Алайда бұрын оған 100 млрд теңге бөлінген. Енді мұндай қаражат бөлінбейді. Бұрын бөлінген ақша неғұрлым көбірек қайтарылса, сол бойынша автонесие берілуге тиіс. Алайда банктер қаржыны сәл жинап алып, кредитті береміз бе деген шешімді қабылдады. Менің ойымша, олар өздері біледі, бұл оларға қатысты бизнес процесс. Бірақ күнделікті түскен ақшаны күн сайын беріп отыру керек. Сондықтан жеңілдетілген автокредитті тоқтатпай, халықты да шулатпай, процесс күн сайын жүруі керек», – деді Индустрия министрі Үкімет кулуарында.

Сонымен бірге министр жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша қанша адам кезекте тұрғанын айтты.

«Бірінші кезекте 15 мың адам тұр, оның 13 мыңы көлік алды. Қосымша 16 мың көлік алуға өтініш берілді. 15 мың адам көлік алуға бұрын өтіш берген. Менің ойымша, бәрі әділ өтуі керек. Кім бірінші өтінішті берді, соларды қамту керек. Кейін келесі өтініш берген адамдармен жұмыс істеу керек. Әрине, кезекте тұрғандар көлігін ала алады. Біз жыл сайын ішкі өнімді арттырып жатырмыз. Биыл 110 мың көлік шығарамыз деп отырмыз. Олардың санын жыл сайын кемінде 30%-ға өсіреміз. Келесі жылы 120 мың көлік шығарамыз деп жоспарлап отырмыз және 130 мың көлікке дейін жеткіземіз», – деді Қайырбек Өскенбаев.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...