Ақмола облысының прокуратурасы білім беру ұйымдарымен Ұжымдық шарт жасасу кезінде заңдылықты сақтау мәселесі бойынша жүргізілген талдау нәтижелері негізінде 19 184 азаматтың контитуциялық құқықтарын қорғады.
Жұмыскерлердің заңнамамен кепілдік берілген құқықтарына нұқсан келтіретін ұжымдық шарттармен регламенттелген жағдайлар анықталды.
Мысалы, ұжымдық шарттарда жүкті әйелдерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға тыйым салу, кестеден тыс демалыс шарттарының болмауы, тәртіптік жаза қолдану туралы хабарлау мерзімі және басқалар көзделмеген.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша ұжымдық шарттар заңға сәйкес келтірілді.
Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.