Жұма, Мамыр 17, 2024
19.2 C
Kokshetau
21 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында қой етін жоғары бағамен сатып алмақшы болды

Ақмола облысында қой етін жоғары бағамен сатып алмақшы болды

Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бюджет қаражатын ұтымсыз пайдалануды болдырмау және мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында «Сатып алудың бірыңғай терезесі» веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүйелі түрде жүргізеді.

Жүргізілген мониторинг нәтижелері мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алынатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге бағаны негізсіз көтеру фактілерін көрсетті. Жыл басынан бері өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің енгізген ұсынымдарының арқасында 1 млрд теңге үнемделді.

Мәселен, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені жалпы сомасы 42 млн теңгеге немесе 1 кг қой етін 4 200 теңгеге сатып алуды жоспарлаған. Ал нарықта еттің орташа бағасы анағұрлым төмен. Департаменттің уақтылы араласуының арқасында ұйым мемлекеттік сатып алу бағасын төмендетті. Нәтижесінде 20,8 млн теңге бюджет қаражаты үнемделді.

Сондай-ақ, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы мемлекеттік сатып алу арқылы жалпы сомасы 14 млн теңгеге немесе 1 данасы үшін 14 000 теңгеге төсек-орын жабдықтары жиынтығын сатып алмақшы болған. Департамент енгізген ұсынымдардан кейін тауардың бір жиынтығының бағасы екі есеге төмендетілді. Осылайша, 7,1 млн теңге үнемделді.

Облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тұрғындарды бюджет қаражатының жұмсалуын қоғамдық бақылау шеңберінде белсенді азаматтық ұстаным көрсетуге шақырады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...