Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының жұмысындағы басым бағыттардың бірі заңсыз берілген жерлерді мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылдау болып табылады.
Осыған орай, Көкшетау қаласының прокуратурасы тұрақты негізде жер заңнамасының сақталуына тексеру жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағына сәйкес осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру аукциондарда жүзеге асырылады.
Тексерумен Көкшетау қ. әкімдігі аукцион жүргізбестен кіреберіс жолдарға қызмет көрсету үшін 94,6 га аумағымен жер учаскесіне уақытша өтеулі пайдалану құқығын бергені анықталды.
Көкшетау қ. прокуратурасымен уақтылы қабылданған шаралар нәтижесінде кадастрлық құны 223 млн. теңгеден астам жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Көкшетау қаласының прокуратурасы.