Жұма, Мамыр 3, 2024
3.1 C
Kokshetau
4 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаАқмола облысында пойызбен жеңіл көлік соқтығысып, 3 адам көз жұмды

Ақмола облысында пойызбен жеңіл көлік соқтығысып, 3 адам көз жұмды

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы ақпанның 20-да болды.  Новокубанка ауылының 46 жастағы тұрғыны басқарған Jiefang автокөлігі «Бурабай-Астана» бағытындағы жүк пойызымен соқтығысқан.

Салдарынан оқиға орнында жүргізуші мен минивэннің екі жолаушысы көз жұмды. Екеуі де Астана қаласының (1975 жылғы әйел және 1985 жылғы ер адам) тұрғындары. Тағы үш жолаушы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.

Белгілі болғандай, автокөлік жүргізушісі бағдаршамның тыйым салатын белгісін ескермей, шлагбаумды айналып өткен.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...