spot_img
spot_img
14 C
Kokshetau
ЖаңалықтарМаңыздыПартиялардың атаулары сайлау бюлетеніне қандай тәртіппен орналасады - ОСК

Партиялардың атаулары сайлау бюлетеніне қандай тәртіппен орналасады – ОСК

-Жарнама -spot_img

Орталық сайлау комиссиясы партиялардың атаулары сайлау бюлетенінде қандай тәртіппен орналасатынын анықтау мақсатында жеребе тарту рәсімін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған тіркелген 7 партияның өкілдері қатысты. Олар ортаға шығып, ішіне 1-ден 7-ге дейін сандар жазылған конверттерді алды. Тиісінше, жабық конверттегі нөмірлер партияның бюлетенде нешінші болып орналасатынын айғақтайтын болады.

«Жеребе қорытындысына сай, 19 наурызға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға кезектен тыс сайлауда дауыс беруді өткізу кезеңінде саяси партиялардың атаулары сайлау бюлетенінде келесі тәртіппен орналасады: Amanat партиясы – бірінші орында, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – екінші орында, «Respublica» партиясы – үшінші орында, Қазақстан халық партиясы – төртінші орында, «Байтақ» жасылдар партиясы – бесінші орында, «Ақ жол» партиясы – алтыншы орында, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – жетінші орында. Жеребені өткізу тәртіптері хаттамамен бекітіледі», – деді ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img