Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau
19 C
Nur-Sultan
25 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаБестөбеде шахтасында заңсыз алтын іздеушінің денесі табылды

Бестөбеде шахтасында заңсыз алтын іздеушінің денесі табылды

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ақпанның 27-де Степногор қалалық ПБ-не «Центральная» шахтасының 520 көкжиегінде 1993 жылғы ер адамның көз жұмғандығы туралы хабар түсті.

«Анықталғандай, ер адам өзге бір топ адаммен құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіру үшін шахтаның төменгі қабатына түскен. Кейін топырақ опырылып кетіп, оны басып қалған. Қасында болған үшеу ер адамның денесін сыртқа алып шықты», – деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, Қылмыстық кодекстің 269-1-бабы 3-бөлігі «Қорғалатын объектіге заңсыз кіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...