Қай дәуірде болсын кемелденудің басты, өзекті мәселелері мен жолдары ғылыммен сабақтасып жатады. Ғылымы дамыған елдің болашағы айқын, өмірі жарқын болары сөзсіз. Сондықтан да ғылымға мемлекет тарапынан көңіл бөлініп, әсіресе қазіргі таңда жастарды ғылымға ынталандыру алға шықты.
«Егер әлемдік дамуда көш соңында қалмаймыз десек, ең алдымен, ғылымды дамытуымыз керек. Сондықтан ұлттық ғылымды жаңа деңгейге көтеретін мезгіл жетті. Елімізге өмір жолын ғылымға арнаған, нақты ғылыми жетістігі бар адамдар керек. Отандық ғалымдар құрамын жаңарту қажет. Бұл – уақыт талабы», – деді Мемлекет басшысы. Жас ғалымдардың ғылымға келуін ынталандыру үшін Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей тапсырмасымен мемлекеттік қолдаулар іске асырылуда.
Осыған орай Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті де Президенттің ғылым саласындағы мемлекеттік рефорамаларын қолдап, оқу орнымыздағы жас ғалымдардың ғылыми ойларын жүзеге асыруда көптеген шараларды ұйымдастыруда және републикалық, халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысып, ғылыми көзқарастырын жетілдіруге ықпал жасалуда. Атап айтар болсақ:
Біріншісі, жыл сайын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған байқаулар өткізіледі. Аталған республикалық байқаудың женімпаздары –университетіміздің екі жас ғалымы Рыспаева Динара және Байдалин Марденді атап өтуге болады.
Екіншісі, жас ғалымдардың санын ұлғайту мақсатында «Жас ғалым» жобасы ғалымдарды ғылымға ынталандырудың тиімді бірден-бір жолы болып отыр. Соңғы байқауда университетіміздің 4 жас ғалымы жеңімпаз атанды. Олар: Есенжолов Бауыржан, Сураганов Мирас, Молдабекова Сандугаш пен Темирова Жанна.
Сонымен қатар жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына қазақстандық 500 ғалымды тағылымдамаға жіберу, академиялық жазылымға, ағылшын тіліне, цифрлық дағдыларға, ғылыми өтінімдерді әзірлеуге және басқа да қажетті құзыреттер мен дағдыларға оқыту, ғылыми ұйымдарға шетелдерде жұмыс істейтін қазақстандықтарды тарту, заманауи ғылым менеджерлерін даярлау бойынша кешенді шаралар іске асырылып жатыр.
2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап ЖОО студенттерінің стипендиялары 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың стипендиялары 15%-ға көтеріледі.
Президеттің ғылым саласындағы нақты реформалары мен жас ғалымдарды қолдауы ел экономикасындағы ғылыми үлестің арттуына, ғылымды қажетсінетін өндірістердің кеңеюіне, Қазақстанның инновациялық экономикасын құруына оң әсерін тигізеді.
Ш. Уәлиханова Көкшетау университеті Ғылым және технологияларды коммерцияландыру департаментінің басшысы Байдалин Марден.