Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau
23 C
Nur-Sultan
25 C
Almaty
ЖаңалықтарАуа-райыАлдағы күндері нөсер жауынның арты қарға ұласып, 12 градусқа дейін аяз болады

Алдағы күндері нөсер жауынның арты қарға ұласып, 12 градусқа дейін аяз болады

Қазгидромет синоптиктері 6-8 сәуір аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты көрініс береді – 6-8 сәуірде оңтүстікте, 7-8 сәуірде оңтүстік-шығыста кей уақытта қатты жаңбыр жауады.

7 сәуірде Скандинавия аудандарынан солтүстік-батыс антициклонның ықпалымен еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы күрт төмендейді.

Сондай-ақ жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде – тұман, шаңды дауыл мен найзағай, солтүстікте, солтүстік-батыста – көктайғақ болжанады.

Солтүстік пен солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 2-12 аязға дейін, күндіз 5 аяз – 7 жылыға дейін төмендейді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...