Жексенбі, Мамыр 19, 2024
10.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаСотЕкі студент психотроптық заттарды сатудан ақша тапқысы келді

Екі студент психотроптық заттарды сатудан ақша тапқысы келді

СҚО тұрғындары «М.» және «Е.» Ақмола облысы аумағында психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты аса ауыр қылмыс жасады (Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 1),3),5) тармақшалары).

Екі студент ақша тапқысы келіп, интернет желісінде басқа адаммен қылмыстық келісімге келді. Ол студенттерге психотроптық зат «мефедронды» тарату бойынша кепілгер жұмысын ұсынған.

Берілген мекен-жай бойынша сотталушылар орман ішінде жасырынған «мефедронды» алып, қалаға келе жатқан кезде полиция қызметкерлерімен ұсталды. Тінту кезінде оларда сату үшін алынған 21 дана жиынтық табылды.
Сотталушылардың кінәсі куәгерлер мен сотталушылардың айғақтарымен, жеке тінту хаттамасымен, сарапшының қорытындысымен, басқа адаммен кепілгер жұмысының мәні туралы хат алмасудың хронологиясы анықталған ұялы телефондарды тексеру хаттамасымен расталды.

Бұл қылмысқа қатысы бар басқа адамға қатысты материалдар жеке өндіріске бөлінген. Осылайша, «М.» және «Е.» электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, адамдар тобында алдын ала сөз байласу бойынша аса ірі мөлшерде психотроптық затты заңсыз сатып алып, өткізу мақсатында сақтаған.

Сот, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды: тұрғылықты жері мен оқуы бойынша оң сипаттама, алғаш рет қылмыстық жауапкершілікке тартылуы, жас болуы (19 жас), ауырлататын мән-жайлардың болмауы, олар жасаған аса ауыр қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптіліктің жоғары дәрежесін ескере отырып, әрқайсысына 10 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...